02 Сәуір, 2010

“АЛТЫН ЖҮРЕКТІ” АДАМДАР ҚАСЫМЫЗДА ЖҮР

817 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ерлік тек соғыс кезінде жа­сал­май­ды. Адам өмірін сақтап қалу үшін суға түскен, қызыл отпен ар­па­лысқандар өзінің  көзсіз жасаған тәуекелін ерлік деп айтпайды. Ал бейбіт күндегі адамдардың мұндай қадамының артында  биік адам­гер­ші­лік, адамдарға деген сү­йіс­пен­шілік, Отанға деген асқан патри­о­тизм жатыр. Өткен жылы На­уыр­зым ауданындағы Раздольное ауылының жанынан ағатын өзеннің бетіне мұз  қатқанда  14 жасар Алтынбек Түкеев  бес жасар қ­а­рын­­дасы Мәдинаны ертіп, сыр­ға­нақ ойнауға барады. Қарашаның суығымен енді қатқан мұз әлі қалыңдамаған екен, балаларды көтере алмай ойылып кетеді. Ал­тынбек жағаға шығуға қарманады, Мә­дина суға бата бастайды. Осы кезде жағада  жүрген  9 сыныптың оқу­шысы Владислав Микалаускас келе мұзды суға қойып кетіп, кіш­кентай қызды жағаға алып шы­ғады. Сол күннен бастап алғысы шексіз ата-анасы Владты Мәди­наның екінші ағасы деп қа­был­дады. “Нұр Отан” партиясы Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған “Алтын жүрек” байқауына қатыс­қан­дардың арасында мұндай мы­сал­дар өте көп болды. Олар бетпе-бет келген төтенше жағдай­лар да әр түрлі, тек адамды құтқару үшін еш­кім де қарап тұрып қалмай, көз­жұмбай тәуекелге ұмтылуы олар­дың ортақ ұқсастығы еді. Қы­сыл­таяң шақта адамдарға қол­ұшын бер­ген, өмір үшін  ерлік іске бар­ған­­дарға партияның облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары Ирина Аронова “Алтын жүрек” бел­гісін және бағалы сыйлықтар табыс етті. Филиалға үш айдың ішінде “Алтын жүрек” атағы үшін облыстың түкпір-түкпірінен көп­те­ген сұраныстар келіп түсті. Олар­дың арасында адамдарды  қызыл оттың ішінен аман алып шық­қан­дар, судан құтқарғандар да жет­кі­лік­ті. Сонымен қатар, “Алтын жү­рек” сыйлығы Әулиекөл ауда­нын­дағы Аманқарағай  кентінің тұр­ғын­дары Илдус және Лидия Ах­ме­тов­терге де берілді. Олар 2004 жылы Рудный қаласындағы балалар үйінен жеті бірдей баланы асырап алған болатын. Олар қазір ата-ананың жылы бауырында жетімдік көрмей өсіп келеді. Ал Қостанай қалалық перзентханасының бас дәрігері Татьяна Булгацевичтің әр күні ерлікке толы десе де болады. Ол күн сайын ана мен баланың өмірі үшін күреседі, оларды ажал тырнағынан аман алып қалады. Кіндік шеше– нағыз алтын жүректі адам. “Алтын жүрек” байқауы қо­ры­тын­дысында облыс өнерпаздары ерлік, адамгершілік, патриотизм тура­лы әндер шырқады, би би­ленді. Елеусіз ғана жүріп ерлік жаса­ғандар осылай марапатталды, олар арқылы ерлік пен достыққа тағзым жасалды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, ҚОСТАНАЙ.