Байқау • 15 Желтоқсан, 2024

Мереке қарсаңындағы марапат

188 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Жезқазған қаласы жас­тары арасында өткізілген «Мен – жас қазақстандықпын» байқауының қорытындысы шығарылды.

Мереке қарсаңындағы марапат

Жастарды отан­сүй­гіштікке, ең­бе­к­қорлыққа тәр­бие­леу, қоғамдық-саяси, мәде­ни, экономикалық өмірге деген бел­сенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсетуді мұ­рат тұтқан байқауға 50-ден аса өтініш түскен екен, олардың 10-ы сыйлық иегері атанды. Байқауға қаты­сушыларды   Жезқазған қаласының  әкімі Қ.Шайжанов құттықтады.

«Әр салада еңбек ететін жастардың арасынан үздіктерін анықтап, оларды басқаларға үлгі ету керек. Мағжан атамыз айт­қандай, жастарға сеніп, олардың еңбектеріне лайықты бағасын бере білген абзал», деді Қайрат Абдоллаұлы.

Жас мұғалима  Фариза Тө­легенова – «Үздік жас ұстаз»,  Жезқазған қаласының маман­дан­ды­рылған олимпиа­да­лық резервтегі балалар мен жасөс­пі­рімдер мектебінің бокстан оқытушы-жаттықтырушы Айдар Сайдалин – «Үздік жас спортшы», Динара Сағындықова – «Үздік жас кәсіп­кер», Жезқазған қаласының Ме­дицина орталығының дә­рігер-кардиологі Еркеназ  Жаңабай – «Үздік жас медицина қызметкері», Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған уни­вер-

­ситетінің студенті, «Үздік 100 студент» республикалық байқауының жеңімпазы, қала белсендісі Инабат Мұханбедияр – «Үздік студент», сотқа дейін­гі тергеп-тексерудің және қыл­мыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасындағы Ұлытау облысы прокурорының көмекшісі Наурызбай Есіркеп – «Үздік жас құқық қорғау қыз­меткері», «Халықтар достығы мен мәдениеті» үйінің қоюшы-операторы Данияр Ульянов – «Үздік жас мәдениет қызметкері», Айшолпан Рахмет – «Үздік жас во­лонтер», Жезқазған кен ба­йыту фабрикасының шаң тұт­қыш қондырғылары және аспи­рациялық желі телімінің  слесарь-жөндеушісі  Қанат Мусин «Үздік жас өндіріс қызметкері» атанды. Олардың бәріне 200 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

 

Жезқазған 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15