
Жол талғамайтын көліктер додасына еліміздің 10 өңірінен жиналған 46 экипаж (92 спортшы – пилот пен штурман) ТР-0, ТР-1, ТР-2, ТР-3 санаттары бойынша бақ сынады.
Жалпы трофи спорты екі бағдарламаға негізделген: алғашқысы – тау-тас, сай-қыр, орман-тоғай мен өзенді еңсеріп, жасырынған «GPS» нүктелерін бағындыру болса, екіншісі – ең қызықты бөлік саналатын айналмалы жарыс. Жол талғамайтын техникасын саз-балшыққа белден батырып, мәре сызығына ұмтылған экипаждар сайысы ерекше әсер қалдырды.
Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ,
автомотоспорттан мемлекеттік жаттықтырушы