Байқау • 02 Қазан, 2025
Алматыдағы «Халық аренада» мәнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.
Спорт • 01 Қазан, 2025
Батуттағы гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өткен әлем кубогінің кезеңдік сайысында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов 49,680 ұпай жинап, қола медаль еншіледі. Жерлестеріміз тек жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50,330 ұпай), ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцевадан (50,290 ұпай) қалып қойды.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Халықаралық таеквондо федерациясы (WTF) әлемдік рейтингті қайта жаңартты. 63 кг салмақта күш сынасып жүрген Самирхон Әбубәкіров бірінші орнын сақтап қалды. Еліміздің тағы үш даян шебері ТОП-10-дыққа еніп отыр. Олар – Бейбарыс Қаблан (+87 кг) – 7, Батырхан Төлеуғали (80 кг) 8, Нодира Ахмедова (49 кг) 10-орын.
Шахмат • 30 Қыркүйек, 2025
Перудің астанасы Лимада 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында рапид пен блицтен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыста Ксения Балабаева алтыннан алқа тақты.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
«Алматы марафоны» мәреге жетті
Жексенбіде «Алматы марафоны» өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста әлемнің 60-тан астам мемлекетінен келген 16 мыңнан аса қатысушы бақ сынады.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Қытайдың астанасы Бейжіңде «China Smash 2025» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко да өнер көрсетті.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Әбиба – әлемдік рейтингте көш басында
IJF-тің жаңартылған рейтингінде еліміздің ең белді дзюдошыларының бірі Әбиба Әбужақынова 48 кг салмақ дәрежесінде жеке-дара көш бастады. Осыған дейін алдына жан салмай келген италиялық Ассунта Скутто үшінші сатыға сырғып түссе, ресейлік Сәбина Гилязова екінші орынға көтерілді.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
Бүгін Қытайдың астанасы Бейжіңде үстел теннисінен «China Smash 2025» халықаралық турнирі басталады. Жарысқа әлемдік рейтингте ТОП-10-ға енетін барлық ойыншылар қатысады. Бақ сынаушылар қатарында елімізден Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева бар. Олар іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Кирилл ирандық Амирреза Аббасимен, Зәуреш қытайлық Яо Жуйсюаньмен шеберлік байқасады.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге әйгілі сумошы Хакухо Сё келді. Оның азан шақырып қойған аты – Мұңхбатын Даваажаргал. Моңғолдың алыбы осы спорт түрі тарихындағы ең атақты балуан, 69-ёкодзуна. Спорттық мансабында Хакухо 45 чемпиондық тәжге ие болды. Осыдан төрт жыл бұрын, 36 жасында мансабын аяқтағаннан кейін Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» сумо мектебінің тізгінін ұстады. Астанада Хакухо Сё еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитетінің басшыларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Бүгінде әлемде сумоның 85 ұлттық федерациясы жұмыс істейді.
Теннис • 25 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің жеңісімен аяқталды.