Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
630 материал табылды

Ата заң • 30 Тамыз, 2024

Әділетті Қазақстанның басты тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыру аса маңызды» деген болатын. Тарихи референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, саяси реформалар басталғалы бері де екі жылдан аса уақыт өтті. Бұл өзгерістердің мәні неде? Ол қандай нәтиже берді?

Ата заң • 27 Тамыз, 2024

Конституция – заң үстемдігінің басты кепілі

Ата заң – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі әрі заң үстемдігінің басты кепілі. Конституция күні қарсаңында Конституциялық сот пен Парламентаризм институты бірлесіп өткізген «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның және қазіргі мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция еліміздің саяси және даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын Ата заңымызға арналды.

Пікір • 27 Тамыз, 2024

Қарттар үйіне барғыңыз келмесе...

Бұрын қазақ жерінде «қарттар үйі» мен «балалар үйі» секілді «тастандылар» мекенінің болмағаны өз алдына, тіпті ұлттық дүние­та­­нымымызға мұндай түсініктің өзі жат. Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаң­ғыт­­паған, қартын құрметтеген ел едік.

Жемқорлық • 27 Тамыз, 2024

Қоғамға залалы көп кесел

Әділетті Қазақстан құру жолында аяққа оралғы болған кедергілердің бірі әрі бастысы – сыбайлас жемқорлық. Қоғамға зардабы көп кеселмен күрес кейінгі уақытта қарқын ала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатаң да батыл болуымыз керек екенін, өйткені қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар дәл осындай қадамды күтіп отырғанын айтты. «Халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бағытын түбегейлі қайта қарау қажет», деді Мемлекет басшысы. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды қолға алынған. Нәтижесінде, парақорлық қылмысын жасаған «шабақтар» ғана емес, «шортандар» да құрыққа түсіп жатыр.

Энергетика • 24 Тамыз, 2024

Бейбіт атом басты тақырыпқа айналды

Атом электр стансасын салу мәселесі шет мемлекеттерде де кеңінен талқыланып жатыр. Орталық Азиядағы жалпыға ортақ климаттық мәліметтерді қолжетімді етуге бағытталған CAREC порталы еліміздегі референдум алдында талқыға салынып жатқан АЭС салу мәселесіне арнайы мақала арнап, бастаманы қолдаушылар мен қарсылардың пікірлерін берген.

Ұлттық спорт • 23 Тамыз, 2024

Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтті

Астанада тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтті. Сайыс Парламент Сенаты мен Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Жарыстың шешуші сынына өңірлік деңгейдегі ойындарда үздік шыққан 80 жеңімпаз қатысты. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері бар.

Сенат • 23 Тамыз, 2024

Сенат: Үшінші сессиядан үміт көп

Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы жемісті де мазмұнды жұмыс атқарып, көпшілік көптен күткен бірқатар заң қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған, қоғамға ашықтық пен жариялылық лебін ала келген Әділетті Қазақстан құру жолында бұл заңдардың атқаратын қызметі мен арқалайтын жүгі мол.

Қоғам • 23 Тамыз, 2024

Салалық журналистика дамып келеді

Кеше елордамыздағы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығында БАҚ өкілдері мен блогерлерге діни тақырыптарды жариялау ерекшеліктерін оқыту семинары өтті.

Қоғам • 22 Тамыз, 2024

Жолдың жайын жүрген білер

Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасын сынға алып, мұндағы қордаланған проблемаларға саланы жайлаған сыбайлас жемқорлық себеп болып отырғанын айтқан еді. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы толық бақылауға алынды.

Айбын • 21 Тамыз, 2024

Теңіз шебінің іргесі мықты

Әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны саналатын Каспий теңізі – геосая­си тұрғыдан аса маңызды стратегиялық аймақ. Оның жағалауында бес мемлекеттің әскери-теңіз күштері орналасқан. Соның ішінде біздің елдің де Әскери-теңіз күштері Каспий айдынында теңдессіз үздік саналады.