Су
Қоғам • 30 Маусым, 2025
«Қазсушар» жұмысшыларды тұрақты жұмыспен қамтып жатыр
Жыл басталғалы «Қазсушардың» 279 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылса, жуырда тағы 146 адамды тұрақты жұмысқа қабылдау көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 29 Маусым, 2025
Сарысуға көгілдір отын келетін күн жақын
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов осы жылы 50 мыңға жуық халықтың мәселесі шешіліп, ауданға көгілдір отын келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Кентауда ерекше демалыс аймағы ашылады
Кентау қаласында 2025 жылы жалпы құны 10,3 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылады. Бұл жобалар нәтижесінде 492 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтіледі. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында 4 ірі жоба жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Бұл туралы Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
«Қазсушар» РМК филиалдарының біріне 30 техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz сала ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Қостанайдағы су бұру арнасына 1 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қостанай облысының Қарасу ауданында су бұру арнасының құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Маусым, 2025
Түркістан облысында қуаңшылықпен күрес жүріп жатыр
Ауа-райының жауын-шашынсыз болуына байланысты Түркістан облысында ағын су тапшылығы орын алуы қауіптілігі жоғары болып тұр. Жалпы облысқа жылдық қажетті лимит 4,8 млрд текше метр болып бекітілген. Өңірдегі 896,2 мың гектар егіс алқабының 389,3 мың гектары атмосфералық жауын-шашынға тәуелді жерлер. Ауа райы қолайсыз болып, егістіктің шамамен 49,8 мың гектары пайдалануға жарамсыз деп танылды. Бұл жалпы егіс алқабының 5,5 %-ын құрайды. Қуаңшылық 336 шаруаның жұмысына тікелей әсер етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 25 Маусым, 2025
Елімізде құс шаруашылығын субсидиялауға 15,7 миллиард теңге бөлінді
Оның ішінде тауық етін өндіру құнын арзандатуға 15,2 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Маусым, 2025
Қытайдағы су тасқынынан 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында толассыз жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, 80 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Citi банк өкілімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент екіжақты кездесулер өткізді
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Константин Авершин – қоғамдық кеңес төрағасы
Жуықта республикалық Қоғамдық консультативтік кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, көпшілік дауыспен Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин төраға болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен
Шомылу маусымы басталғалы бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлерінен жасақталған топтар профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Олар каналдар мен су айдындарына рейд ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Судья және сот қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Су жобалары мен мұздықтарды қорғау шаралары талқыланды
Қазақстан мен Азия даму банкі су ресурстарын тиімді басқару және климаттың өзгеруіне бейімделу мақсатында ынтымақтастықты күшейтпек. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов АДБ-ның Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Геннадий Жуковпен кездесіп, еліміздің су инфрақұрылымын жаңғырту мен мұздықтардың еруіне қарсы шараларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Судың «көлеңкелі нарығымен» күрес жалғасып жатыр
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Қызылорда облысындағы су нысандарын тексеріп, нәтижесінде Қызылөзек ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінің Қараөзек тармағынан өз бетінше су тартумен айналысқан 13 заңсыз сорғы қондырғысын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ақсу қаласы дауылдан кейін қалпына келтіріліп жатыр
19 маусым күні Павлодар облысының Ақсу қаласында соққан күшті дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды
Құқықтық статистика органдары порталының сайтында 53 жастағы Тәткееваға іздеу салынғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Балқаш көлі бассейніне зерттеу жүргізілді
Алматы облысы Балқаш ауданында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Францияның ғылыми ұйымдарының қатысуымен кең көлемді далалық зерттеу жұмыстары өтті. Экспедицияны еліміздің ғылыми ұйымдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 22 Маусым, 2025
Жақсы ауданында халықты ауыз сумен қамту мәселесі 100 пайыз шешілді
Жыл басынан бері Жақсы ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты. Бұл жөнінде аудан әкімі Алмагүл Қадыралина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2025
Прокурор «Тәшенев тартуы» білім гранты иелерімен кездесті
Шымкент қаласының прокуроры, үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, генерал Ғабит Мұқанов, Жұмабек Тәшенев университетінде оқып жатқан «Тәшенев тартуы» білім гранты иегерлерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Елімізде суару қондырғыларын шығаратын төрт зауыт бар
2024 жылы ел бойынша шамамен 158 мың гектар жерге (оның 130 мың гектары оңтүстік өңірлерге тиесілі) су үнемдеу технологиялары енгізілген. Ал биылғы жыл басталғалы бері 85 мың гектар (оның ішінде оңтүстік өңірлерде 59 мың гектарға жуық) жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, оның ішінде 15,5 мың гектарға жаңбырлатып суару және 29,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйелері қолданылған, ал 14,1 мың гектар жер лазерлік құрылғымен тегістелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
Қазақстан ТЖМ шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті күшейтуде
Жазғы демалыс кезінде судағы қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және су айдындарында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды
Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Абай ауданында екі ауылға ауыз су құбырлары тартылады
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ягодный және Садовое ауылдарына алғаш рет су құбырлары жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасы жақсарды
Сала министрлігінің мәліметінше ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының екінші кезеңі 74,5 мың гектар жерді сумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Ирригация желілеріндегі су шығыны жылына 193 млн текше метрге дейін азайды. Жоба Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары аумағындағы 11 нысанды қамтиды. Жобаның екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Маусым, 2025
Семсерлесуден Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 18 Маусым, 2025
Биыл диқандарға былтырғыдан 335 млн текше метрге артық су берілді
2024 жылдың осы кезеңінде 2 млрд 738 млн текше метр су жеткізілсе, биыл суару кезеңі басталғалы «Қазсушар» РМК филиалдары Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу, яғни, 5 облыстың диқандарына 3 млрд 73 млн текше метрден астам су берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақсу ферроқорытпа зауытына айыппұл салынды
Ақсу ферроқорытпа зауыты экологиялық заңбұзушылықтар үшін 850 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Маусым, 2025
Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады
Бүгінде Қазақстанның 60 су маманы Қытайда біліктілігін арттырды, осы жыл соңына дейін тағы 60 маман оқудан өтпек, курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.