у
Президент • 07 Мамыр, 2025
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған
1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы армия қуаты темірдей тәртіппен нығаятынын айтты
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың ерлік дәстүрі мен армияның ел қауіпсіздігін сақтаудағы рөлі туралы мазмұнды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Мамыр, 2025
500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мәлімдеме жасап, бұл тарихи оқиғаның ел бірлігі мен бейбітшілік құндылығын ұғынудағы ерекше рөлін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Мамыр, 2025
Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен батыр атындағы музейдің 30 жылдығына және халықаралық музейлер күніне орай тұңғыш рет «Мәңгілік тұлғалар» атты бірінші республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өткізілді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Катонқарағай ауданында жаңадан асфальт-бетон зауыты бой көтерді
Катонқарағай ауданының бірқатар ауылдарына асфальт төселіп, тұрғындардың барыс-келісі едәуір жеңілдеген. Алайда, Катонқарағай ауылында бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан асфальт-бетон зауытының өндіріс қуаты мен көлемі аздық етіп отыр. Сондықтан, «Өскемен-Тазалық» ЖШС басшылығы жаңа асфальт-бетон зауытының құрылысын бастап кетті. Айта кетейік, «Өскемен-Тазалық» ЖШС Барлық пен Ақсу, Берел мен Аршатының арасындағы жолға асфальт төсеуді де қолға алып отыр.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Түркістанда жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынып жатыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында салынып жатқан «Standard Petroleum & Co» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Саясат • 06 Мамыр, 2025
Үндістанда өткен Дүниежүзілік аудиовизуалды саммитке Қазақстанның өкілдері де қатысты
Үндістанның Мумбай қаласында Джио Дүниежүзілік конгресс орталығында бірінші Дүниежүзілік аудиовизуалды және ойын-сауық саммиті (WAVES) өтті.
Экология • 06 Мамыр, 2025
Кейінгі үш жылда неше түп көшет отырғызылды?
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. түп ағаш егу тапсырмасын берді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Талдықорғандағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді
Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті.
Елорда • 06 Мамыр, 2025
Елордада 29-30 мамырда Астана Халықаралық форумы өтеді
2025 жылғы 29-30 мамырда елордада Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді, Деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Мамыр, 2025
Мереке күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады
Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа температурасы +33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Мамыр, 2025
Оқудан шығарылған курсанттарға қайта жалғастыру жолдары жеңілдеді
Қазақстанда әскери оқу орындарынан шығарылған бұрынғы курсанттар енді оқуын қайта жалғастыру үшін үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Ол үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беру жеткілікті. Қызмет кемінде бір семестр оқуды аяқтағандарға қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Олжас Бектенов То Ламмен кездесті
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қол қойған Қазақстан мен Вьетнам арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы бірлескен мәлімдемені жүзеге асыру бойынша алдағы жұмыстарға назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2025
Астанада 7 мамыр күні бірқатар көше жабылады
Астанада 7 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтеді. Осыған байланысты елордада бірқатар көшеде уақытша көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Алматыда ашық аспан астындағы әскери музей ашылды
Алматыда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа «Ашық аспан астындағы музей» бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа экспозициға 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 06 Мамыр, 2025
Қызылордада екі аптада 5 мыңға жуық жүргізуші құқық бұзған
ІІМ-нің нұсқауына сәйкес жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Мамыр, 2025
Ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль иеленді. Оның екеуі — алтын, үшеуі — қола, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 06 Мамыр, 2025
Абай университетінде «Ерлікке тағзым» белгі тасы орнатылды
2025 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» ескерткіш белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2025
Алматыда жаңа аудандар жарықтандырылып жатыр
Қазіргі уақытта Алматыда қала құрамына жаңадан енген Алматы облысының аудандарын жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, жұмыстар 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Игорь Мысик айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 06 Мамыр, 2025
МәшҺүр Жүсіптің тұмарын тағып соғысқа аттанған жігіт жайлы аңыз
Осы әңгіменің бір үзігін бірнеше жыл бұрын кездейсоқ естіп едім. Жеңіс күні қарсаңында сол дерек ойға оралды. Анық-қанығын білмекке Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиевке хабарластық. Әулиенің тікелей ұрпағы тарихтан сыр шерткен оқиғаны баяндап берді.
Білім • 06 Мамыр, 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру көлемі артады
1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі 2 есе артады, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 06 Мамыр, 2025
Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты
Шымкенттік 52 жастағы спортшы Артық Досалиев жалпы салмағы 120 тонна болатын бес вагонды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжытқан, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 06 Мамыр, 2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар инвестиция тартылады
ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Алматы әуежайын дамытуға бағытталған маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында 2025–2029 жылдар аралығында TAV Holding компаниясы 362 миллион АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 06 Мамыр, 2025
Су шаруашылығына 300-ден астам жаңа техника берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ны барлығы 757 бірлік техникамен жабдықтауды көздеп отыр. Бұл жұмыс бес кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 06 Мамыр, 2025
Ақтөбеде 30 жылдық тарихы бар университет жабылатын болды
Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті (ҚОХУ) 2024–2025 оқу жылының соңында өз қызметін ресми түрде тоқтатады. Елімізде 31 жылдан бері студенттерге білім беріп келе жатқан іргелі оқу орнының жабылуына не себеп болды? Egemen.kz тілшісі мәселенің мән-жайын зерделеп көрді.
Технология • 06 Мамыр, 2025
Оқушылар қоршаған ортаны тазартуға арналған робот құрастырды
Абай облысы Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Ерсұлтан Жұматай, Әмірхан Сапиев пен Әкежан Берікқазы су арналарындағы қоқысты автоматты түрде тазартатын ерекше робот жасап шықты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Мамыр, 2025
Румынияның «Мадригал» хоры Қазақстанға келді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесті. Жүздесу Румынияның әйгілі «Мадригал» ұлттық камералық хорының «Жібек жолы» атты концерттік туры аясында өтті.
Шаруашылық • 05 Мамыр, 2025
Мемлекеттік сатып алу туралы Заң ауылдағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған
Қазір ҚР Үкіметі ауылды жерлерде өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер мен осы салада бұрыннан жұмыс істеп жүрген бизнесмендерге де қолдау шараларының кең спектрін ұсынып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Медицина • 05 Мамыр, 2025
Жүрек ырғағы орталығы пациенттерді қабылдай бастады
Елдегі аритмологиялық қызметті дамыту мақсатында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының құрылымында Жүрек ырғағы орталығы өз жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экономика • 05 Мамыр, 2025
Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды
Ақтауда «Caspi Bitum» БК» ЖШС жаңғыртылған битум зауыты ресми түрде іске қосылды. Бұл – Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар нысан, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.