е
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Елімізде 2030 жылға дейін жаңа көші-қон саясаты әзірленеді
Қазақстанда көші-қон үдерістері тұрақты оң көрсеткіштерге ие. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Министрдің айтуынша, құжатты іске асыру аясында республикада оң көші-қон сальдосы сақталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Шілде, 2025
Бектенов ТКМК саласына маман даярлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов тау-кен-металлургия саласын дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Ол бұл бағыттағы жұмыстардың еліміздің экономикалық өрлеуі үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Шілде, 2025
Тау-кен өндірісіне арналған қызметтердің 87,6%-ы онлайн форматқа көшірілді
Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев тау-кен кешенін цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Шілде, 2025
Театрлар тұлғаларды «шығарып салатын» орынға айналып кетті ме?
Театр туралы тіл қатқанда оның тарихи келбеті мен рухани функциясын реттеу мәселесін сөз етпеуге болмас. Отандық басылымға берген сұхбатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы жайтқа қатысты туындап отырған түйіткілдерді тарқатты, деп жазады Egemen.kz.
Кітапхана • 22 Шілде, 2025
Кітапханалар цифрлық трансформация үдерісін бастап кетті – Аида Балаева
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «AIQYN» басылымына берген сұхбатында елдегі мәдени инфрақұрылым мен кітапхана саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 22 Шілде, 2025
«Барысты» Евгений Королев жаттықтырады
«Барыс» хоккей клубы негізгі құрамның жаттықтырушылар штабына өзгеріс енгізетінін мәлімдеді. Бұл шешім өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Шілде, 2025
Қазақстанда кен өндіру көлемі өскен
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Шілде, 2025
Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты сынға жауап берді
Қазақ киносының қара шаңырағы саналатын «Қазақфильм» киностудиясының дауы өршігелі біраз болды. Қызметтегі киногерлердің наразылығынан басшылық жиі ауысты. Ғимарат орналасқан жерге байланысты шу да басылмады. Көптеген кино жанашырлары мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін күткен еді. Бүгін министрдің «AIQYN» газетінде жарияланған сұхбатында осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғалды, деп жазады
Қоғам • 22 Шілде, 2025
Биыл 5,1 млн жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленді
Қазақстанда 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің пайдасына 464 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударды. Бұл жарналар 5,1 миллионнан астам жұмыскерді қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 22 Шілде, 2025
Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады
30 шілде - 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасында Азияның үздіктері анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2025
Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді
Бүгін елімізде магистратураға қабылдауға арналған кешенді тестілеу басталды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сәйкес, тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Биыл бұл сынаққа 51 мыңнан астам адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 22 Шілде, 2025
Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл той – ұлт руханиятының мерейі, ел бірлігін бекемдейтін тарихи сәт. Осыған орай алдағы іс-шараға дайындық барысы пысықталды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 21 Шілде, 2025
Сенат депутаттары «Қытай – ШЫҰ» семинарына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырали мен Марат Қожаев «Қытай – ШЫҰ» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың басты тақырыбы – «ШЫҰ аясында ортақ тағдыр қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту» болды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 21 Шілде, 2025
Биыл Ақтөбе облысында 464 шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жаңартылады
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылдың алғашқы жарты жылында атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2025
Соңғы уақытта шындыққа сай келмейтін ақпарат пен жалған медиа контенттің таралу фактілері жиілеп кетті. Осыған байланысты елімізде ақпараттық кеңістікті реттеуге бағытталған жаңа құқықтық тетік енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 21 Шілде, 2025
Қазақ балуандары 7 жүлде жеңіп алды
Венгрияның бас шаһары Будапештте күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі өтті. Қазақ балуандары 2 күміс және 5 қола медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Шілде, 2025
Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді
Соңғы жылдары Алматыда заңды белінен басып, құжатсыз, рұқсатсыз салынған үйлер мен ғимараттар кезегімен сүріліп жатқаны көпшілікке мәлім. Енді міне, сот шешімімен «Таулы Қырат» ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Шілде, 2025
Алматының жаңадан тағайындалған бас дәрігері Марат Пашимов туралы не білеміз?
Марат Орынбасарұлы Пашимов қала әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Саржалдың қымызы – саңлақ қымыз
Елімізде бұрын-соңды болмаған BaiQymyz гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz
Тұлға • 21 Шілде, 2025
Белгілі журналист Мұхтар Түменбай өмірден өтті
Қайғылы хабарды журналист Серікқали Мұқашев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Апталық шолу мағлұматты сала министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Шілде, 2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 14 млрд теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды өтеді
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2024 жылдың жазында орналастырылған қысқа мерзімді облигациялар бойынша төлемдерді аяқтады. Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 миллиарды - негізгі қарыз, тағы 1 миллиарды - купондық сыйақы, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Шілде, 2025
Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 жүлде еншіледі
Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 21 Шілде, 2025
Скринингтен өтуге жүрдім-бардым қарауға болмайды
Алматыдағы №11 қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі Алёна Зекунова скринингтен уақтылы өтудің өзекті екендігін еске салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Шілде, 2025
Жасөспірім Тобыл өзеніне батып кеткен
Қостанай облысы аумағындағы Тобыл өзені жағасында үш жасөспірім балық аулап жүрген. Олардың бірі өзенді жүзіп өтпекші болған. Алайда суға батып кеткен. Қайғылы оқиға 19 шілде күні болған. Мәлімет облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан расталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Шілде, 2025
1962 жылы кеңестік жазушылар Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Полдень, XXII век» атты ғылыми-фантастикалық повесін жарыққа шығарады. Бұл шығармада болашақтағы ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың жаңа даму сатысына көтерілуі кеңінен суреттеледі. Солардың бірі – Каспаро-Карпов жүйесі деп аталатын таңғаларлық технология. Бұл жүйе адамның миын «көшіріп», оның математикалық моделін жасау арқылы адам санасын зерттеуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Биылғы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде 13 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы өскен
Үкіметте өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгені құрағанын баяндады. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары іске қосылып, 677 инвестициялық жоба, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.