Іс
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Темірлан ауылында өнер мектебі салынады
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған әлеуметтік жобалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен күрделі ота жасалды
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында роботтың көмегімен қатерлі ісікке ота жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Апта бұрынғы спортшылардың жеңістері
Өткен апта бойынша спортшылардың жеңістері туралы шолу мағлұмат – сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 26 Сәуір, 2025
Мәжіліс депутаттары Астанада 100 түп ағаш отырғызды
Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шықты. Іс-шара елордалық әкімдік тарапынан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
«Ертіс орманы» резерватының бұрынғы басшысы 12 жылға сотталды
«Ертіс орманының» бұрынғы директоры ағаштарды кесіп, отын ретінде сатқаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2025
«Батырларға тағзым» - Соғыс ардагерлеріне арналған онлайн-портал іске қосылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (batyrlarga-tagzym.kz) атты онлайн-порталды іске қосты. Жобаның мақсаты – соғыста ерлік көрсеткен азаматтар туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпарат жеткізу, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 25 Сәуір, 2025
Үндістан мен Пәкістан арасындағы ахуал ушығып тұр
Сейсенбі күні Пахалгам қаласында 26 турист қаза тауып, Үндістан бұл шабуылға Пәкістанды айыптады. Осы оқиғадан кейін қос мемлекет арасындағы жағдай күрт шиеленісіп, дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар тоқтатылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2025
Еліміздегі 500-ден астам көшеге батырлардың есімі беріледі
Екі аптадан кейін Қазақстан халқы және бүкіл әлем тарихи маңызы зор Жеңістің 80 жылдығын атап өтпек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл атаулы күнге орай үндеу жасап, мерейтойдың ел үшін рухани және саяси маңызын ерекше атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 24 Сәуір, 2025
Ұлттық ұланда оқу-әдістемелік жиын өтті
ІІМ-не қарасты Ұлттық ұлан әскерлерін даярлаудың 2025 жылға арналған жоспарына сәйкес 6654 оқу бригадасында құқықтық тәртіп әскерінің орта медициналық персоналының біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Төтенше жағдай • 23 Сәуір, 2025
Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: министрлік мәлімдеме жасады
Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2025
Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ахуалдық орталық құрылады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Сәуір, 2025
Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі тіркелді
Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Заң • 23 Сәуір, 2025
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңға өзгеріс енгізіледі
Мәжілістің жалпы отырысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Ерболат Сатыбалдин «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2025
Президент Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев генерал Асим Мунирмен қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Нұрсұлтан Байтілесов: Зияткерлік меншік – инновациялық экономиканың негізі
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Талдықорғанда дүкендердің бірінде баланы тоқ соқты
Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы дүкендердің бірінде терминалды ұстған баланы тоқ соққан видео пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Қарасай ауданында өндірістік зауыт ашылды
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Көкөзек ауылында «KT&G Kazakhstan» ЖШС зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясының Қазақстандағы алғашқы жобасы және ол толығымен жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Сәуір, 2025
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
«Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы» сейсмикалық стансалар желісі 22 сәуірде шамамен 06:30-да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 21 Сәуір, 2025
Үндістаннан келетін туристер көбейген
Бүгінде еліміз халық саны ең көп ел саналатын Үндістанның туризм нарығындағы негізгі компаниялармен берік байланыс орнатқан. Осыған қоса, екі ел арасында тікелей әуе қатынасы көбейген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов Turkistan визит орталығына барды
Меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды
Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Алматыда көкөніс тапшылығы байқалды
Былтыр жиналған көкөніс сапасының төмендеуіне байланысты желілік супермаркет сөрелерінен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің кейбір түрі көрінбей кетті. Әдеттегі көкөністің тапшылығы бағаның өсуіне әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Қазақстанға келді
Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 21 Сәуір, 2025
Астанада әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі
Аталған шектеу – әскери шерудің дайындығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысына елорданы абаттандыру жоспары таныстырылды
Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды
Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогі» спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Сәуір, 2025
Түркістанда республикалық «Ясауитану-2025» байқауы өтті
Түркістан қаласында түркі дүниесінің рухани ұстазы Ахмет Ясауи және оның мұрасына арналған респуликалық «Ясауитану-2025» байқауы өз мәресіне жетті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен іріктеуден өткен 70-тен аса оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Шолу мағлұмат сала министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.