айып
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2025
Атырау облысында газ құю стансалары тексеріліп жатыр
Атырау облысында газ құю стансаларын тексеруден соң 8 әкімшілік іс қозғалды. Заң бұзған станса иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 04 Қыркүйек, 2025
Елімізде несие алу тәртібі өзгерді
Несие алу ережелері күннен-күнге жаңарып жатыр. Енді егер сіз 3 932 000 теңгеден (1 000 АЕК) көп несие немесе микрокредит алғыңыз келсе, банк немесе микроқаржы ұйымы жұбайыңыздың жазбаша келісімін сұрайды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025
Еліміз мұнай алпауыттарынан $4,4 млрд айыппұл талап етті
Ел Үкіметі Қашаған кен орнын игеріп отырған халықаралық мұнай компанияларынан экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2,3 трлн теңге (шамамен $4,4 млрд) айыппұл төлеуді талап етті. Бұл шешім тамыз айының басында апелляциялық сот шетелдік инвесторлар пайдасына үкім шығарғанына қарамастан күшінде қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 25 Тамыз, 2025
Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды
Астана қаласы әкімдігі қала және аудандарда тазалыққа қатысты мониторинг жүргізіліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Атырауда «Потенциал Ойл» компаниясы 7,2 млн теңге айыппұл төледі
Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Тамыз, 2025
Тәжікстанда балгерге барғандарға айыппұл салынады
Тәжікстан билігі халық арасында кең тараған балгерлік пен көріпкелдікке қарсы күресті күшейтті. Asia-Plus мәліметінше, енді тек балгерлер ғана емес, олардың «қызметін пайдаланған» азаматтар да жазалануы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытына 28 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысының экологтері «АМӨЗ» ЖШС тарапынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асырғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2025
Жамбыл мектептеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тағы да айыппұл салынды
Жаз айларында сот тәртібімен облыстағы 17 білім беру мекемесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 08 Тамыз, 2025
Атырауда 7 баланың әкесі есірткі тұтынғаны үшін айыпталды
Сағыз ауылында тұратын Б.-ға марихуана тұтынғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігімен айып тағылған. Бұл іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Тамыз, 2025
Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша айыптау актісі оқылды
Бүгін Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша айыптау актісі оқылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 31 Шілде, 2025
Қызылордада тазалық тәртібін бұзғандарға 60 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қызылорда полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 7700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Шілде, 2025
«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн теңге айыппұл салынды
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның ластануына қатысты экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдау жүргізіп, бірқатар өрескел заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
NCOC компаниясынан 3,6 млрд теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысының прокуратурасы NCOC компаниясының экология заңнамасын бұзып, шикі газды шамадан экологиялық рұқсатсыз жағу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Жаңа жүйенің жаңалығы: айып тұрағының әр күні ақылы болуы мүмкін
Енді айып тұрағына түскен көлік үшін жүргізуші әр тәулікке ақы төлеуі мүмкін. Бұған дейін айып тұрағындағы көлікті шығару үшін тиісті айыппұлды төлеу жеткілікті еді. Көлік ұзақ тұрып қалса да, оған қосымша ақы есептелмейтін. Бұл жағдайды өз пайдасына шешіп, айып тұрағын тегін тұрақ ретінде пайдаланып келгендердің қарасы да көбейген. Жол ережесін бұзып, көлігін заңсыз жерде қалдырған азаматтар үшін бұл әділетті жаза болып көрінгенімен, мәселенің екінші жағы бар, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Қарағандыда экологияға зиян келтірген кәсіпорын қомақты айыппұл төледі
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы өңірдегі экологиялық ахуалды бақылау барысында «ГРЭС Топар» ЖШС-ның заң бұзушылық әрекеттерін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2025
Қауіпсіздік белдігін тақпаған 5 мыңнан астам павлодарлық айыппұл арқалады
Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін елемеген 5506 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, айыппұл санкциялары екі есеге артатынын ескертіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2025
Атырау тұрғынынан материалдық залал үшін 2,2 млн теңге өндірілді
Атырау тұрғыны жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залал үшін 2,2 млн теңге төлейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2025
Павлодарлық сот орындаушылары тұрғындарға қосарланған айыппұлдарды төлетіп келген
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті айыппұлдар үшін қосарланған төлем фактілерінің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Маусым, 2025
Бизнеске қысым: АлЭС-ке айыппұл салынды
Алматы қаласының Индустриялық аймағында қызмет жүргізетін нарық субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ энергия өндіруші ұйымына қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2025
Павлодар облысындағы ірі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық айыппұл төледі
Ақсу қаласындағы "Қазхром" компаниясына қарасты ферроқорытпа зауытынан атмосфераға шыққан қалдықтар көлемі нормадан асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Маусым, 2025
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды
Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйене отырып.
Заң • 15 Маусым, 2025
Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Маусым, 2025
Иран-Ғайыптың «Алтын ажал» драмасы тұңғыш рет сахналанады
Шырайлы Шығысқа ақын-драматург Иран-Ғайып Оразбаев келді. 21-маусымда облыстық драма және оперетта театрында сахналанатын «Алтын ажал» драмалық дастанын ол осыдан елу жыл бұрын жазған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Павлодарда сатып алу ережесін бұзған монополист компания айыппұл төледі
Табиғи монополия субъектілерінің ережесін бұзған «Павлодарэнерго» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3,1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 05 Маусым, 2025
Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды
16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан-Ертіс бассейнінде көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық қорларын қорғауға бағытталған «Уылдырық шашу-2025» акциясы өткізілді. Осы маңызды кезеңде Зайсан-Ертіс өңіраралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері су айдындарында бақылауды күшейтіп, балықты заңсыз аулаудың алдын алуға және олардың табиғи мекен ету ортасын сақтауға күш салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Туристке 114 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Испанияда турист ұлттық парктің қорғалған аумағында үлкен тасты әдейі сайға домалатып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекеті үшін ол рекордтық көлемдегі — 168 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 114 миллион теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлады.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Суға шомылу қағидасын бұзған 32 адамға айыппұл салынды
Өрт қауіпті кезеңі басталғалы Түркістан облысының орман қоры аумағында өрт тіркелмеген. Ал дала алқаптарында 8 рет өрт шығып, аумағы 45 гектарды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 18 Мамыр, 2025
Батыстағы үш облыстың браконьерлеріне 15,9 млн теңге айыппұл салынды
Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысындағы су айдындарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы өтіп жатыр.
Заң • 17 Мамыр, 2025
Атыраудағы «ANACО» компаниясына 897 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, аталған атмосфералық ауаға газды заңсыз шығарған. Соның салдарынан ластаушы заттардың шығарындылары нормативтен асып кеткен.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Павлодарда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген оқушы қыздар айыппұл арқалады
Павлодар қаласындағы Даңқ Обелискі мен Мәңгілік алаудың жанында бейәдеп би билеген екі жасөспірімге айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.