Қостанай
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қостанайда соңғы аптада 17 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған
Қостанай облысында маусымдық вирустық аурулардың таралуы алаңдатарлық көрсеткішке жетті. Соңғы бір апта ішінде 17 288 адамның ЖРВИ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Қостанайда «Жомарт жан» сыйлығы табыс етілді
Қостанайдағы Жастар сарайында көпке қайырымы мол кәсіпкерлерді ынталандыруға арналған «Жомарт жан – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, меценаттар, қоғам белсенділері, бизнес, мәдениет және білім саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Қостанайда 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
Мұндай жағдай – тексеру барысында анықталған. Бұл туралы Қостанай облысы прокуратурасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Қостанай облысында мұқтаж азаматтар үшін 547 пәтер сатып алынды
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті бюджет есебінен 940 отбасы баспаналы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Рудныйда ономастикаға қатысты жиында бұзақылық жасаған әйел жауапкершілікке тартылды
Полиция Рудный қаласының тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Қостанайда бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт аз уақыт ішінде толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қостанайда «Айдын жырдың аққуы» атты ақындар айтысы өтті
Қостанайда халық ақыны Әсия Беркенованың мерейлі 75 жасқа толуына орай, «Айдын жырдың аққуы» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында 29 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай облысының мектептерінде ЖРВИ, тұмау жұқтырған балалар көбейіп кетті. Тұмаудың оқушылар арасында кең тарауына байланысты Алтынсарин ауданындағы Силантьев, Свердлов ауылының мектептері толықтай қашықтан оқу тәртібіне көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Қостанай облысында мал ұрлығы жиілеп барады
Қостанай облысында өтіп жатқан жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қамысты, Әулиекөл аудандарында жасалған бірнеше мал ұрлығын ашты. Аталған қылмысқа қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
Заң • 18 Қараша, 2025
Қостанайда бір аптада мас күйінде көлік жүргізген 49 адам ұсталды
Қостанай облысында соңғы екі күннің ішінде 3061 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Полиция 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Қараша, 2025
Қостанай облысында заңсыз ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды
Қостанай облысының Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Полиция олардың автокөлігінен заңдастырылмаған мылтық, жануардың қылшығы жабысқан пышақ тапқан. Сондай-ақ, жақын маңнан оққа ұшып өлген ақбөкеннің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 13 Қараша, 2025
Құсмұрында вагон доңғалағын жөндейтін шеберхана ашылды
Қостанай облысының Құсмұрын стансасында вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін жаңа шеберхана іске қосылды. Аталған шеберхана «Astana Railway Services» серіктестігінің филиалы болып саналады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қостанай дәрігерлеріне «Allur» құрастырған жедел жәрдем көліктері берілді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысының жедел медициналық жәрдем қызметі мекемелеріне 50 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Салтанатты рәсім облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 29 Қазан, 2025
Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы ғалым, академик, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, діни қызметкерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2025
Тобыл қаласында 450 отбасы баспаналы болды
Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында жаңа бой көтерген 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Заманауи тұрғын үй кешеніндегі 450 пәтерге шамамен 1000 адам қоныстанды.
Тағайындау • 22 Қазан, 2025
Рудный қаласының прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Асқар Бурбаев Рудный қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Қазан, 2025
Бостандықтың қадірін кеш түсіндім: қостанайлық сотталған жас замандастарын қателік жасамауға шақырды
Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы Евгений жастарға өмірден алған ащы сабағы туралы ойымен бөлісті. Ол бостандықтың бағасын тек темір тордың ар жағында отырып қана түсінгенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Қазан, 2025
Қостанайда құтқарушылар газдан уланған 2 адамды аман алып қалды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2002 және 2003 жылғы екі азамат тереңдігі шамамен 2 метр болатын гараждың жертөлесіне түсіп, өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Сол кезде 2001 жылғы үшінші азамат жоғарыға көтеріліп, 112 желісіне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 11 Қазан, 2025
Арқалықта ағаш отырғызу акциясы өтті
Арқалықта «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық іс-шара барысында қала тұрғындары Арқалық педагогикалық университетінің жаңадан жаңғыртылған үшінші оқу ғимаратының алдына, Ахмет Байтұрсынұлы аллеясына 500-ден аса қарағай, қайың көшетін отырғызды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Қазан, 2025
Қостанайда «Біздің полиция» атты фотокөрме өтті
Қостанайда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Біздің полиция» атты фотокөрме өтті. «Kostanay Plaza» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған көрменің ашылу салтанатына полиция қызметкерлері, оқушылар, студенттер, көпшілік қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Қазан, 2025
Арқалық қаласының тұрғыны ота үстелінде жан тапсырды
Арқалық ауруханасында 61 жастағы қала тұрғыны Тасболат Сақыпов ота үстінде жан тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қазан, 2025
Қостанай облысында суды заңсыз пайдаланған кәсіпорын анықталды
Тобыл-Торғай бассейн инспекциясының мамандары тексеріс барысында аталған облыстың Рудный қаласындағы бір кәсіпорынның ұңғымадан арнайы рұқсатсыз су алып келгенін анықтап, «Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу» бабы бойынша 1 671 100 теңге көлемінде айыппұл салған. Бұл – аталған бассейн инспекциясы жыл басталғалы салған ең ірі айыппұл, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Қазан, 2025
Қостанай облысына жаңа прокурор тағайындалды
Қостанай облысы прокуратурасы ғимаратында Қостанай облысының жаңа прокуроры – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Сексембаевты ресми таныстыру рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 29 Қыркүйек, 2025
Қостанайға қар түсіп, электр желілері істен шықты
Қостанай қаласы мен Қостанай, Меңдіқара, Федоров аудандарында таңертеңнен бері қар жауып тұр. Толассыз жауған қардың салдарынан жапырағы сарғайып үлгермеген ағаш бұтақтары сынып, электр желілерінде апаттық жағдайлар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2025
«Ұлы дала жорығы» марафоны-бәйгесі мәреге жетті
Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойында Торғайдан бастау алған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетті, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Қыркүйек, 2025
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Қостанайда «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық байқауларының өңірлік кезеңінің үздіктері анықталды. «Iqostanay» оқушылар сарайында өткен марапаттау рәсімінде байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Субсидия • 21 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында 96 млн теңге субсидия жымқырылды
Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында 96 млн теңге субсидия жымқырылған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қылмыс • 19 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген 16 жасөспірімді ұстады. Ұсталғандардың бірі – Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны алаяқтарған жаңа SIM-карта жеткізіп беріп тұрған. Кейін бұл нөмірлер әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жалған аккаунт ашуға пайдаланылған, деп хабарлайды Egemen.kz.