ру
Тағайындау • 20 Қаңтар, 2025
Ақтөбе облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы болып Теміржан Көптілеуұлы Бөлтеев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қаңтар, 2025
Танысын өлтірген екі күдікті Ресейден экстрадицияланды
Адам өлтіру, тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу және заңсыз қару айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның екі азаматы Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 17 Қаңтар, 2025
Қызылордада тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында 40 жастағы науқасқа жасалған бауыр трансплантациясы отасы сәттi аяқталды. Донор – 1993 жылы дүниеге келген пациенттің туысы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Көлігін 5 минуттан артық қыздырған үш жүргізушіге айыппұл салынды
Өскеменде көлігін 5 минуттан артық жылытқан үш тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қаңтар, 2025
Қазақстанда білім беру туризмі дамып келеді
Бүгінгі таңда еліміз 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісім жасаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қаңтар, 2025
13 адамның 10 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ Беларусьтен экстрадицияланды
Бас прокуратураның қызметкерлері ірі мөлшердегі алаяқтық қылмыс жасаған күдіктіні Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Бұқар жырау ауданында тауарлы несие жобасы жүзеге аса бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «тауарлық несие» құралын енгізуді қарастыруды тапсырған болатын. Бұл механизм аграрлық салаға қолдау көрсетуге бағытталған. Игі бастаманың мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Макинскіде құтқару қызметі жүйесі жаңартылды
Қазақстанның құтқару қызметтерінің жүйесін жаңарту мақсатында Макинск қаласында өрт сөндірушілер мен медициналық персоналдың міндеттерін біріктіретін жаңа мамандандырылған бөлімше ашылды.
Әлем • 16 Қаңтар, 2025
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді
Израиль мен ХАМАС 2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтатуға уағдаласты. Бұл туралы Қатар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдул Рахман әл Тани мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2025
Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Ұлытау облысында мал іздеп шыққан ер адам жоғалып кеткен
Ұлытау облысының құтқарушылары 15 қаңтар күні хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Қаңтар, 2025
Былтыр елімізде 250 науқасқа трансплантация жасалған
2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 15 Қаңтар, 2025
Жабайы жануарларға жағдай жасалды
Табиғи парктердегі аңдар қыс айларында қосымша азықтандырылады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 15 Қаңтар, 2025
Пара ұсынғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Енді пара беретінін айтып, уәде берген, пара ұсынған азаматтар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2025
ТЖМ қатарында 61 құтқарушы ит қызмет етеді
Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ қатарында 61 аттестатталған ит қызмет етеді. Бұл төрт аяқты құтқарушылар аумақтық бөлімшелердің жедел-құтқару жасақтарында, Республикалық жедел-құтқару жасағында және әскери бөлімдерінде маңызды рөл атқарады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2025
Суық қаруды заңсыз сақтаған көкшетаулық тұрғын сотталды
Көкшетауда «кастет» суық қаруын заңсыз сақтаған азамат сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2025
Колледж есепшісі шәкіртақыға бөлінген қаражатты өзіне аударып отырған
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметін тексеру кезінде есепшінің қаржы жымқырып келгенін анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қаңтар, 2025
Президент «Келешек» жинақтаушы жүйесі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2025
«Астана арена» стадионы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
«Астана Арена» стадионы UEFA талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып күрделі жөндеуден өтті. Астана қалалық мәслихат депутаты Ерлан Каналимов арена халықаралық матчтарды өткізуге дайын екенін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Қаңтар, 2025
Көлігін ұзақ қыздырған жүргізушілер айыппұл арқалайды
Елімізде көлік қозғалтқышын 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынады. Сенатор Марат Қожаев мұндай айыппұл не үшін салынатынын түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 09 Қаңтар, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
11-12 қаңтар күндері Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған
«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2025
Биыл колледждерді қаржыландыру көлемі екі есе ұлғаяды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 07 Қаңтар, 2025
Рождество мерекесі және дәстүрлі ислам түсініктері
Зайырлылық – еліміздің моральдік және әлеуметтік құрылымының маңызды қағидаттарының бірі. Бұл ұстаным қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен дінаралық келісімді нығайтып, әртүрлі сенім өкілдерінің бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруіне жол ашады. Ізгілік пен ілтипаттың, мейірім мен махаббаттың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейтін діни мерекелерді атап өту де адамдар арасындағы ғизат-құрметтің артуына ықпал етеді. Сондықтан христиан міллетінің Рождество мерекесі кезінде аталған діннің негізгі доктриналарын таныстырып, оның қазақ дүниетанымына ежелден орныққан дәстүрлі ислам түсініктерімен ұқсас тұстарын салыстыра сараптауды жөн көрдік.
Қазақстан • 07 Қаңтар, 2025
Сырдарияның су көлемін есепке алу автоматтандырылады
Қазақстан мен Өзбекстан аталған өзенінің суын есепке алуды автоматтандыру үшін техникалық тапсырма әзірлеу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2025
Батыс Қазақстан облысында екі бала метапневмовирусты жұқтырған
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Қаңтар, 2025
Бөгеттерді нығайту жұмыстары партияның бақылауында - депутат
Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода бүгін Петропавл қаласы Ойқала шағын ауданындағы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Қаңтар, 2025
Президент метапневмовирус туралы: Одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 06 Қаңтар, 2025
Депутаттар Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау мәселесін бақылауға алды
Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нурумова Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қаңтар, 2025
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалды
Аталған лауазымға Асқар Қазиханұлы Жүсібалиев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.