иран
Әлем • 16 Маусым, 2025
Израиль шабуылдарынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты
Иранның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Израильдің соңғы үш күндегі әуе шабуылдарының салдарынан 70-тен астам әйел мен бала көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді
Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Маусым, 2025
Израиль мен Иран арасындағы текетірес ушығып барады
Израиль әскери шенеунігінің Reuters агенттігіне берген сұхбатына сәйкес, Иран жасырын түрде ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Оның айтуынша, Тегеран бүгінде бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жететіндей термоядролық материалға ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Маусым, 2025
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі отандастарға үндеу жасады
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Израиль аумағында жүрген отандастарға арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Иранға соққы жасаса мұнай бағасы өсе ме?
Әлемдегі геосаяси дағдарыстың басылар сыңайы байқалмайды. Керісінше, күн санап өршіп бара жатқандай. АҚШ пен Иран ядролық мәселеге байланысты сол күйі бір мәмілеге келе алмаған көрінеді.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Қазақстан мен Иран агросалада ынтымақтастықты нығайтады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астанаға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар дәнді-дақылдар экспорты мен аграрлық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Маусым, 2025
Иран-Ғайыптың «Алтын ажал» драмасы тұңғыш рет сахналанады
Шырайлы Шығысқа ақын-драматург Иран-Ғайып Оразбаев келді. 21-маусымда облыстық драма және оперетта театрында сахналанатын «Алтын ажал» драмалық дастанын ол осыдан елу жыл бұрын жазған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Мамыр, 2025
Израиль Иранға 7 сағат ішінде соққы жасай алады - АҚШ барлауы
Нью-Йорк (The New York Times дерегіне сүйенсек): АҚШ барлау қызметі Израильдің Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасауға небәрі жеті сағат ішінде дайын екенін хабарлады. Бұл ақпарат Таяу Шығысқа АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары қарсаңында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Иран архив және кітапхана ісінде әріптестікті нығайтады
18 мамырда Тегеранда өткен ресми кездесуде «Ғылым ордасы» РМК мен Иранның Ұлттық кітапханасы және архиві ғылым, архив және кітапхана салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған меморандумға қол қойды. Екі ел арасындағы келісім құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру бағыттарында тәжірибе алмасуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2025
Ирандағы жарылыс қолдан жасалды ма
Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Раджаи портындағы жойқын жарылыстан кейін ел билігі дүйсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жарылыстың салдарынан қаза тапқандар саны 40 адамға жетіп, жараланғандар саны 1 241-ге артқаны белгілі болып отыр. Жергілікті ақпарат жүйесінде апаттың Иранмен қырғиқабақ Израильдің қолымен жасалғаны туралы хабар тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2025
Иран портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 40-қа жетті
Бұл туралы Иранның Хормозган провинциясының губернаторы Мохаммад Ашури Тазиани айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Президент • 26 Сәуір, 2025
Президент Иран халқына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 26 Сәуір, 2025
Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болды
Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында жарылыс болды, деп хабарлайды IRNA.
Әлем • 08 Сәуір, 2025
Трамп Иранмен тікелей ядролық келіссөздер басталғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның атом бомбасын жасауына жол бермеу мақсатында екі ел арасында тікелей келіссөздер басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 31 Наурыз, 2025
Иран кез келген әскери шабуылға дайын екенін мәлімдеді
Иран Қарулы күштерінің Бас штабы Ислам Республикасына бағытталған кез келген агрессияға қатаң жауап қайтарылатынын ескертіп, жүздеген баллистикалық зымыран ұшыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық әскерилер арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2024
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының «алтыны» үшін күреседі
Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова финалда белдеседі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2024
Әлем чемпионаты: Жәмилә Бақбергенова ширек финалға шықты
Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмилә Бақбергенова белдесуін сәтті өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қазан, 2024
Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Албания астанасы Тиранада еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Қазан, 2024
Тиранада грек-рим күресінен жүлде бұйырмады
Қазақтың грек-рим күресінің шеберлері Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Қазан, 2024
Иран әуежайлары жұмысын қайта жандандырды
Иран 7 қазан күні әуе қатынасына бұрын енгізілген шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Ислам Республикасының Азаматтық авиация ұйымының өкілі Джафар Язерлу мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан • 02 Қазан, 2024
Қазақстан азаматтары Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен жоқ – СІМ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты шұғыл брифинг өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Қыркүйек, 2024
Пейджер жарылысы: Иранның Ливандағы елшісі ауыр жарақат алған
Бұл туралы The New York Times газеті хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 31 Шілде, 2024
Сенат Төрағасы Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Иран Президентін ұлықтау рәсіміне қатысты, Ислам кеңесі мәжілісінің Төрағасымен, сондай-ақ Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының басшысымен де кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Шілде, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Шілде, 2024
Иранның жаңа президенті кім болды?
Иранда президенттік сайлаудың екінші турында Масуд Пезешкиан 53,3 пайыз дауыс жинаса, оның қарсыласы консерватор Саид Джалили 44,3 пайыз дауыс жинады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Шілде, 2024
Ирандық компаниялар Қазақстанда ірі гидротехникалық нысандар салуға ниетті
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабианмен кездесті. Тараптар жаңа гидротехникалық нысандардың құрылысын және суармалы су шығынын азайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Шілде, 2024
Мохаммад Мохбер ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан Астанасына келді. Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Шілде, 2024
Ирандық компаниялар еліміздің егіс алқаптарын суарудың заманауи технологияларын ұсынуға дайын
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар егіс алқаптарын суару және суармалы суды тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.