ыс
Экономика • 18 Тамыз, 2025
Жұмысынан айырылған 244 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алған
Оларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 73,2 млрд теңге төленген, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 18 Тамыз, 2025
Қорғаныс министрлігінде ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құрылды
ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру, сондай-ақ қорғаныс әлеуетін күшейту мақсатында Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект технологияларын енгізу мен дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Елорда • 18 Тамыз, 2025
Астанада LRT құрылысының маңызды кезеңі аяқталды
City Transportation Systems (CTS) компаниясы LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғайды
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Ақжүрек Таңатаров Алматы облысы спорт басқармасының басшысы болды
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 17 Тамыз, 2025
Қызылорда облысында сауда үйі өртенді
Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде екі қабатты сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2025
Ақмола облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Тамыз, 2025
Маңғыстауда алғаш рет «Ақ Мая Fest» шұбат фестивалі өтті
16 тамыз күні Маңғыстауда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін «Ақ Мая Fest» атты шұбат фестивалі өтті. Тұмса табиғатына талайды тамсындырған Айрақты етегіндегі фестивальге 15 мыңға жуық халық жиналды. Оның қатарында Ресей, Франция, Қырғызстан, Англия және Еуропаның бірнеше қалаларынан келген туристтер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 16 Тамыз, 2025
Шығыс Қазақстанда ірі көлемде психотроптық зат дайындағандар ұсталды
Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Тамыз, 2025
Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Тамыз, 2025
Ақмола облысында шаруаларға 117 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді
Ақмола облысының 910 ауыл шаруашылығы құрылымдары Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде жеңілдікті қаржыландыруға ерте қол жеткізуді пайдаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2025
Түркістанда бір жасар бала даладағы дәретханаға түсіп кеткен
Түркістан облысында төтенше жағдай болды. Бір жасар бала даладағы дәретхананың терең шұңқырына құлап кеткен. Үйдің ауласында болған оқиғаны байқаған ересектер бүлдіршінді өз күштерімен шығара алмады. Көмекке төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Тамыз, 2025
Тәулігіне алты сағаттан аз ұйқының денсаулыққа зияны бар ма?
Ұйқы — денсаулық пен өмір сапасының маңызды белгісі. Ғалымдардың айтуынша, ересек адамдарға күн сайын 7-9 сағат ұйқы қажет. Алайда егер ылғи ұйқыңыз қанбай жүретін болса, онда бұл ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Тамыз, 2025
Алматыдағы Дженнифер Лопестің концерті қанша табыс әкелді
Алматыдағы Орталық стадионда Дженнифер Лопестің ауқымды шоуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 16 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Билік. Халық. Ынтымақ» атты аймақтық конференцияға қатысты. Іс-шарада жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Маңғыстауда жаңа газ өңдеу зауыты бой көтеріп жатыр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев Жаңаөзен қаласына барып, салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты. Аталған жоғары технологиялық жоба – партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 34 астық қабылдау орны дайындалды
Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ерте пісетін бидай, арпа, сұлы, жем-шөпті жинау басталған, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 14 Тамыз, 2025
Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген
Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Тамыз, 2025
120 орынды жатақхана пайдалануға берілді
Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай 120 орындық жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Тамыз, 2025
Прокурор АМӨЗ-дің бұрынғы бас директорына қатысты айыптауды қолдаудан бас тартты
Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында бірінші сатыдағы тәртіппен «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 14 Тамыз, 2025
Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті
Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2025
Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Бүгін, 14 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, Президент реформалары аясында іске асырылып жатқан бастамаларға, сондай-ақ министрлік құзыретіндегі барлық бағыттар бойынша кешенді, толыққанды баяндама жасады.
Партия • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы аккумулятор зауытында болды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жетісу облысы, Талдықорған қаласына іссапармен келді. Сапар барысында Азат Тұрлыбекұлы жақында ашылған өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын заманауи «ASMA Industrial» зауытының өндіріс барысымен танысты. Зауыттың жұмыс барысымен, зауыттың Бас директоры Серікбай Ажмағамбетов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 14 Тамыз, 2025
Қарағанды жастары жұмысшы мамандықтарға бет бұруда
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қарағандылық жастар техникалық және кәсіптік білімді саналы түрде таңдай бастады. Бүгінде жұмысшы мамандықтар тек сұранысқа ие болып қана қоймай, бұрынғы беделін қайта қалпына келтіріп, кәсіби және жеке дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Президент • 14 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 14 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді
Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин «Жезқазған - Қызылорда» тас жолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 14 Тамыз, 2025
Премьер-министр шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.