и
Білім • 12 Қараша, 2025
Қазақстан әлемнің үздік 100 білім беру инновациясының қатарына енді
Қазақстанның ауылдағы мектептерді дамыту тәжірибесі алғаш рет HundrED Global Collection 2026 халықаралық рейтингінің негізгі тізіміне енді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Қараша, 2025
12 қараша күні Астана мен 15 өңірде көктайғақ болып, боран соғады
12 қараша күні Астана қаласында және еліміздің 15 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Спорт • 11 Қараша, 2025
Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы жарысқа қашан шығады
Париж Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласы Спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді
Ақорда Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізгенін мәлімдеді.
Президент • 11 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Жаңа үйлердің бағасы қалай өзгерді?
Қазақстанда қазан айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 1 пайызға қымбаттады. Алайда өсім барлық өңірде бірдей емес, тек бес қалада көтеріліп, кейбір аймақтарда керісінше төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесті
Студенттер Мемлекет басшысына қазақша тіл қатты. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылатынын жеткізеді, деп хабарлады Ақорда.
Мәдениет • 11 Қараша, 2025
Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында Мәскеу қаласында «Қазақстан мен Ресей достығы» скверінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа саябақ Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округінде, «Алма-Атинская» станциясының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі өсті
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетті, бұл пандемия кезеңіндегі көрсеткіштермен шамалас, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Ресейдің Су-35 ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Түркістан облысында полицей пара алған сәтте ұсталды
Созақ ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі 200 мың теңге көлемінде пара алғаннан кейін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Қазан айында баспана саудасы жанданды: Астана мен Алматы көш бастап тұр
2025 жылдың қазан айында елімізде тұрғын үй нарығында 41 мыңнан астам сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Астана мен Алматы қаласында баспана көп сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 11 Қараша, 2025
Енді азаматтар дәрі-дәрмек бағасын Naqty Onim арқылы тексере алады
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының ашықтығын арттыру мақсатында Naqty Onim қосымшасында жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді ел азаматтары дәрінің шекті бағасын тексеріп, шағымдана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Биылғы қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Қараша, 2025
Жинақ қанша теңгеден басталады?
Ұлттық банктің қазан айындағы зерттеуінде ел азаматтарының 9,8 пайызы 500 мың мен 1 миллион теңге аралығындағы қаражатты ған жинақ деп санайтынын көрсетті. Ал 7 пайызы үшін 100 мың теңгеге дейінгі ақшаның өзі жинақ саналады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 11 Қараша, 2025
Бейіндік сыныптарда қанша оқушы кәсіби дағдыларды игереді?
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде еліміздің орта білім беру ұйымдарында ашылып жатқан 1000 бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы білім алып, кәсіби дағдыларды игереді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Қараша, 2025
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Президенттің бұрынғы кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Елдегі геологиялық деректер түгелдей цифрланатын болды
Қазақстанда геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін 3,5 миллионға жуық бастапқы деректер цифрланған, ал жұмысты 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент: Білім беру саласында Ресеймен серіктестік жаңа деңгейге көтерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік іс-сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды. Онда екі ел арасындағы көпқырлы гуманитарлық байланыстарды және ғылыми-білім беру саласындағы өзара әрекеттестікке ерекше мән берілетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент: Еліміздегі тілдердің алуан түрлілігі – біздің ерекше артықшылығымыз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымында жарияланған мақаласында еліміздегі тілдердің алуан түрлілігін ерекше артықшылық деп атап өтіп, орыс тілін қолдаудың маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инвестиция • 10 Қараша, 2025
Атырауда инвестициялық жобаларға арнайы орталық талдау жүргізеді
Атырау облысында «Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды қарау жөніндегі орталық» КММ жұмысын бастады. Орталыққа бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру міндеті жүктелді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 10 Қараша, 2025
Қазақ балаларының сауатын ашу жолында аянбай еңбек қылған Жиенғали Тілепбергенов кім?
Темір ауданында жазушы, драматург, журналист Жиенғали Тілепбергеновтың туғанына 130 жылдығына орай бірқатар іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Қараша, 2025
Жасанды интеллект: Ғалымдар ірі тілдік модельдерді қолданысқа енгізеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ тілін және технологиялық үрдісті қолдау үшін үлкен тілдік модель (LLM) әзірлеу» жобасы аясында workshop өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қараша, 2025
Алматы «ақылды» технология арқылы басқарылатын қалаға айналады
Бүгінде ел аумағын тазарту, көгалдандыру масқатында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы көптеген игі істердің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясында қалалық экожүйені қалыптастырып, тұрғындар үшін қауіпсіз қала міндеттері қарыстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Президент әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруы керек. Бұл реттеу заңның сақталуын қадағалау маңызды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға осындай тапсырма берді.
Экономика • 10 Қараша, 2025
Ел экономикасы тұрақты және сапалы өсім жолында – сарапшы
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы алдын ала деректерге сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6,4%-ға артты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қараша, 2025
Бауыржан Тұрлыбеков: Статистикаларды ескерсек, жыл соңына дейін өте жақсы нәтижеге жетеміз
Биыл 10 айдағы есепті басшылыққа алсақ, ЖІӨ-нің ең көп үлесі өнеркәсіп саласына тиесілі екенін байқаймыз. Бұл бағытта өсім 7,3% құраған. Осылайша, саланың жалпы өсімдегі мөлшері – 30% құрапты. Егер осы нәтижені сауда және көлік салаларымен қоса есептесек, үлес жалпы мөлшердің 70%-нан асады. Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегі бойынша, жетекші салалардағы өсімнің есесіне қаңтар-қазан айларында елдің жалпы ішкі өнімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2025
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.