Ер
Ғылым • 25 Маусым, 2025
Заманауи сөз тіркестері зерттелді
LiveDune әлеуметтік желілерді талдау және басқару қызметі Instagram және Facebook желілеріндегі жазбаларға жазылған 200 000-нан астам пікірді зерттей келе «Базар жоқ» сөз тіркесі жиі қолданылғанын айтады. Осылайша бұл сөз тіркесі жыл сленгі аталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 25 Маусым, 2025
Жылыту маусымына дайындық барысы қаралды
Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2025-2026 жылғы алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша салалық селекторлық кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Студенттік омбудсмендер барлық өңірде белсенді
Бүгін, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. БАҚ өкілдерімен брифингке Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясаты жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Тоқтар Болысов және Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Университет • 25 Маусым, 2025
Абай университеті диплом табыстау рәсімін бастады
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2024–2025 оқу жылының бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі басталып, шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, бітіруші түлектер мен ата-аналар және қадірлі қонақтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Депутат жер саласындағы заң бұзушылық мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бірнеше өңірлердегі жер саласында болған заң бұзушылықтар туралы депутаттық сауалын Үкімет басшысына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Жастар бейбіт заманның қадірін түсінуге тиіс - Президент
Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында қазіргі құбылмалы, бұлыңғыр заманда біз осы тарихи ақиқатқа адал болып, зұлмат соғыстың қасіретті сабағын ұмытпауымыз қажет екендігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Президент халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 25 Маусым, 2025
«XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумы өтті
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі AFM Online 2025 «XXI ғасырдың цифрлық триггерлері» форумын өткізіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және миллиондаған жазылушысы бар блогерлер, барлығы 2000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 25 Маусым, 2025
Шымкент тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетілді
«Халық заңгері» – елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды құқықтық жоба. Бұл акцияның бірегейлігі – кез келген азамат еш кедергісіз, алдын ала жазылмай-ақ кәсіби мамандардан тегін кеңес ала алады. Аталған акция Шымкентте жалғасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Маусым, 2025
Депутат: жұмысшылардың мәртебесін сөзбен емес, іспен көтеру керек
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдады. Ол қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі мен жағдайы туралы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Маусым, 2025
Балабақша жүйесі түбегейлі реформаны қажет етеді - депутат
Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бірнеше өзекті мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, балабақша саласы заңнамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде қорғалмаған, бұл балалардың дамуына тікелей кері әсер етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Дания корольдік театрының әртістері алғаш рет елімізде өнер көрсетеді
Негізі 1748 қаланған Еуропаның ең көне театрының Алматыға келіп өз эксклюзив бағдарламасын ұсынуы Қазақстанның өнер әлеміндегі айрықша оқиға болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Жеңіл өнеркәсіп саласында инвестициялық 9 жоба іске қосылады
Биыл 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Маусым, 2025
Көкшетау археологтары сақ дәуірінің жәдігерін тапты
Көкшедегі көне дүниенің кебежесі тағы бір олжа – тарихи жаңалықпен толықты. Ұлттық музейдің археологтары Кенжебай қорымында қазба жұмыстарын жүргізген кезде Сақ дәуіріне тиесілі тоналмаған екі мола мен бірнеше құнды жәдігерлер тауып, олжалы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 24 Маусым, 2025
Жамбылда 193 мыңнан аса бала жазғы демалыспен қамтылды
Жамбыл облысында 2025 жылғы жазғы демалыс маусымында 1–10 сыныпта оқитын 217 757 оқушының 193 071-і (88,6%) жазғы сауықтырумен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2025
Тәжікстанда жер сілкінісі тіркелді
2025 жылғы 24 маусым күні сағат 11:36-да (Астана уақытымен) Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ғылыми орталығына сілтеме жасап.
Қылмыс • 24 Маусым, 2025
Түркістан облысында 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді
Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемірдің мәлімдеуінше, арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 13 күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2025
Балалар ақылды роботпен кездесті
Астанада №109 мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында ерекше шара өтіп, балалар «Темірбек» есімді ақылды роботтың іс-қимылын тамашалады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Маусым, 2025
Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы 20%-ға төмендеген
Елімізде медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылдық елді мекендерге тарту және тұрақтандыру мақсатында кешенді мемлекеттік қолдау шаралары белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент екіжақты кездесулер өткізді
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 24 Маусым, 2025
Түркияның оңтүстігінде орналасқан Адана қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Маусым, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скалада» білім алады
Қазақстандық опера өнерінің өкілі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді театрлардың бірі – Италиядағы атақты «Ла Скала» театрының академиясына тағылымдамадан өтуге қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Жоғарғы сот Перизат Қайраттың соты қандай жағдайда ашық түрде, тікелей эфирден көрсетілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Шілде айында ел азаматтары неше күн демалады
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр. ҚР «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, бұл жағдайда қосымша демалыс күні келесі жұмыс күніне — 7 шілдеге, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, 5, 6 және 7 шілде күндері ел азаматтары үш күн қатарынан демалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Судья және сот қызметкерлерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Маусым, 2025
Қара Ертіс үш адамның өмірін жалмады
21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған азамат суға батқан. Оған 1991 және 1992 жылы туған екі азамат көмекке жүгірген. Өкінішке орай, ағысқа төтеп бере алмай үшеуі де мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Маусым, 2025
Ақаралда байланыс іске қосылды
Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, жуықта Зайсан ауданы, Ақарал ауылында «Кар-Тел» ЖШС-нің ұялы байланыс базалық стансасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.