Саясат • 02 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев: Назарбаев – аса көрнекті реформатор

881 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік тарихқа аса көрнекті реформатор ретінде енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осылай деді.

Қ.Тоқаев: Назарбаев – аса көрнекті реформатор

«Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз – Елбасының жүргізген сарабдал саясатының жемісі. Сондықтан шетелдік сарапшылар бұл реформаларды «Қазақстан жолы» немесе «Дамудың қазақстандық үлгісі» деп атайды. Қазір біздің еліміз – Орталық Азия өңіріндегі  бірден-бір жетекші мемлекет. Даму жағынан посткеңестік елдер арасында алғашқылардың қатарындамыз» деді Қ.Тоқаев

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Қазақстанда шетел инвестициясын тарту үшін қолайлы ахуал орнағанын атап өтті.

«Біз, бірінші кезекте, әлеуетті инвесторларға жағдай жасауымыз қажет. Әсіресе, шетел инвесторларына жер телімдерін бөлу, олардың инженерлік және электр желілеріне қосылуы, түрлі рұқсаттар алуына қатысты айтарлықтай тосқауылдар бар. Мәселені жедел шешудің орнына бюрократияға жол беріліп отыр» деді Президент.

Осының нәтижесінде бірқатар облыста әкімшілік кедергілер мен жасанды шектеулер іскерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік жоқ.

«Үкіметке және әкімдерге осы проблеманы жедел шешу мәселесін қарастыру жөнінде тапсырма бердім. Инвестиция салуға кедергі келтіретін кез келген тиісті лауазымды тұлғаның жеке жауапкершілігі қаралуы қажет. Биыл Тікелей инвестициялар қоры құрылды. Елбасының шешімімен Ұлттық қордан 370 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қор өз жұмысын тиімді жүргізетін болса, осы жылдың ішінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Елімізге тартылған инвестициялар мен шикізаттық емес экспорттың көлемі министрлер мен әкімдердің қызметін бағалау ісінде шешуші көрсеткіш болады» деді Қ.Тоқаев. 

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15