Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2024

Алаш көсемінің мүсіні

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірде Әлихан Бөкейхан атындағы екі мектеп бар. Біріншісі – Қостанайдағы аралас мектеп. Екіншісі – темір кенімен даңқы шыққан Қашар кентіндегі қазақ мектебі. Мұнда негізінен Өзбекстаннан көшіп келген қандастардың балалары білім алып жатыр. Айтпағымыз, осы екі білім ордасының қайсысына бара қалсаңыз да, кіреберіс кең дәліздің төрінен Алаш көсемінің мүсінін көресіз.

Алаш көсемінің мүсіні

Мүсін авторы – Қашар кен­тінің тұрғыны, кен байыту саласында жұмыс істейтін қолөнер шебері Бүркіт Керімбаев.

«Арғы аталарым зергер, ұста кісілер болған. Қанда бар қабілет болса керек, арнайы кәсіби білім алған адам емеспін. Өзбекстаннан қоныс аударған жылдары Тараздың маңындағы Қаратау деген шағын қалашықта 7 жыл тұрдым. Тұрақты жұмысым болмаған соң, асық, киіз үй, сандық, үкі, аю кейпіндегі неше түрлі тиын-тебен жинағыш кәдесыйлар жасап саттым. Таза былғарыдан әмиян, басқа да бұйымдар жасаймын. Былғары бұйымдардың сыртына ойып сурет салып, безендіремін. Тапсырыс бойын­ша қамшы өремін. Ал жастайым­нан машықтанған негізгі кәсібім – түйекеш», дейді қолөнер шебері.

Қашар тұрғындары ұста деп атап кеткен Бүркіт ағамыз Алаш көсемінің  мү­сінін қалыптауға тура бір ай уақыт жұм­сапты. Мүсін гипстен жасалған.

Қостанайдағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп директоры Жа­нар Асанқызының айтуынша, бюс­тің астыңғы тұғыры Асхат Ыбыраев есімді жиһаз шеберінің қолынан шыққан. Мүсіннің ашылу салтанатына халық көп жиналып, соңы Әлихан Бөкейханның қайраткерлігі мен асыл мұрасына арналған  ғылыми конференцияға ұласқан.

«Асхат деген шебер әрі кәсіпкер жігіт біраз жиһаз жасап, мектепке сыйға тартқан. Соған хабарласып, «Мүсіннің астына ағаштан әдемілеп тұғыр жасап бере аласың ба? Құны қанша болады?» деп едік. Ол «Әлихандай арыстың мүсінін орнатамын десеңіз, тегін жасап беремін», деп қуантып тастады. Алдағы уақытта Алаш көсемінің атындағы мектеп музейін ашқымыз келеді», дейді Жанар Асанқызы. 

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше