Айтыс • Бүгін, 20:16

Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күзгі телемаусымда «Хабар» телеарнасы көрерменін ұлттық рухпен қайта қауыштырды. Айтыс өнері экранға жаңаша форматта оралып, «Жекпе-жек Айтыс» телевизиялық жобасы арқылы ел назарын өзіне аударды. Ұлттың сөз өнерін жиырма жылдан аса насихаттап келе жатқан арна бұл жолы да дәстүр мен заманауи тележобаны ұштастыра білді, деп жазады Egemen.kz.

Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?

Төрт ай бойы эфирге шыққан жобада қазақтың таңдаулы 16 ақыны бақ сынады. Әр айтыс - нағыз сөз майданы. Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Мақсат Ақанов сынды тәжірибелі ақындар айтыстың деңгейін биіктете түсті. Жобаны қоғам қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, айтыс барысына салмақ пен әділдік дарытты.

Ы

Жекпе-жек форматындағы сайыста ақындар тек ұйқас емес, терең ой мен шешендік өнерін жарыстырды. Әр сөзде елдің мұңы, жердің тағдыры, ұлттың үні сезілді. Финалға «Айтыстың ақтаңгері», қостанайлық Айбек Қалиев пен астаналық Еркебұлан Қайназар жолдама алып, «Қазақ үшін отан жалғыз, ту жалғыз» тақырыбында тартысты айтыс өткізді. Бұл кездесу - аға мен іні арасындағы сыйластықты, ел алдындағы жауапкершілікті, айтысқа тән мәдениетті айқын көрсетті. Төрелік тізгінін айтыстың абызы Жүрсін Ерман ұстады.

О

Финалдың бас жүлдесі - «Q4 Tulpar» ұсынған автокөлік. Тартысты жекпе-жек пен қайым айтыстың қорытындысын саралаған қазылар алқасы Айбек Қалиевті жеңімпаз деп танып, Бас жүлде – автокөлік пен «Алтын қамшы» жүлдесін табыстады. Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар бірінші орын алып, 5 миллион теңге жүлдені қанжығасына байлады. Екінші орын - Дидар Қамиевке (3 млн теңге), үшінші орын - Жансая Мусинаға (2 млн теңге) берілді. Көрермен көзайымы атанған - Айым Асылбекқызы(500 000теңге). Ал тағы бір автокөліктің иесі кәсіпкер Талғат Сақановқа ерекше ұнаған айтыскер Нұрбол Жауынбаев.

Р

Жобаның жоғары деңгейде өтуіне «Magnum» компаниясының да қолдауы зор болды. «Хабар» Агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев арна эфирінде алаштың бекзат өнері, ұлтымыздың рухани қазынасы айтысты насихаттау жалғаса беретінін атап өтті. Айтыс кешінде өнер жолын айтыстан бастаған Төреғали Төреәлі ән айтып, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Н

Осылайша «Жекпе-жек Айтыс» тележобасы айтыс өнерінің өзектілігін, ұлт мұрасын сақтау мен ұлттық мүддемізді қорғауға зор үлес қосып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар