жас
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Аудан әкімдері де инвестиция тартуға міндетті - Олжас Бектенов
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді. Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Ауыл» партиясы түрлі этнос жастарының басын қосты
19 ақпанда Астанадағы «Достық үйінде» меймандос пейілді этнос өкілдері бас қосты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған «Ел жастарының бірлігі - береке бастауы» атты ашық сұхбатқа 60-тан астам жас қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Еліміздегі алты әуежайға тексеру жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 19 Ақпан, 2025
Жасөспірімдер мен суицид: өмір мен өлім арасындағы күрес
Суицид қоғамда кеңінен етек жайған дерттің біріне айналды. Жасөсіпірімдер арасындағы суицид – қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі. Бұл тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына әсер ететін жағдай десек те болады.
Зерде • 18 Ақпан, 2025
Жеті жасар оқушы халықаралық білім бәйгесінде топ жарды
Елордалық 2 оқушы «StemCo» халықаралық олимпиадасы бойынша жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 16 Ақпан, 2025
Racing Team командасы TOQ prototype 4.0 көлігімен Катарда жеңіске жетті
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Racing Team командасының TOQ prototype 4.0 жарыс көлігі Катарда өткен Shell Eco-marathon Asia-Pacific and the Middle East 2025 экомарафонында әлем бойынша 7-орынды иеленіп, Азия, Океания және Таяу Шығыстағы энергия үнемдейтін 10 үздік көліктер қатарына енді.
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіне дайындық жөнінде республикалық кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков және бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2025
Жасанды интеллект бойынша KazLLM моделі әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ тіліндегі жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM ауқымды тіл моделі әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2025
Былтыр егде жастағы 19 мың адам жұмысқа орналасқан
2024 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде 19 199 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 12 Ақпан, 2025
ЖИ салған картиналардың көрмесі өтпек
Christie’s аукцион үйі жасанды интеллект көмегімен жасалған картиналар көрме-аукционын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2025
Жеңілдетілген несие жауапкершілігі жоғары дихандарға беріледі
Үкіметте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы қаралып, Олжас Бектенов тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары дихандарды қолдауға ғана жеңілдетілген несие беруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 11 Ақпан, 2025
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова 80 жаста
Қазақ радиосының сандуғашы атанған диктор Сауық Жақанова 80 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы оның даусымен жазылған.
Үкімет • 10 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов бірлескен инвесторларды белсенді тартуды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді ескере отырып, Қордың 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және оны одан әрі дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында лауазымды қызметкер ауыр қылмысты жасырған
Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген айып тағылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 10 Ақпан, 2025
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны қос медальмен толықты
Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр. Туризм және спорт министрлігі бүгінгі жарыс күнінде күміс, қола жүлде еншілеген спортшыларымыздың сүйінші жаңалығын бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2025
Астанада жасөспірім қыз биіктен құлап, көз жұмды
Астана қаласында 9 ақпан күні жасөспірім қыз көпқабатты ғимараттардың бірінен құлап, мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Ақпан, 2025
Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі
Форумда «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова Президентке ұйымның осыған дейін атқарған игі істері мен азаматтық бастамаларын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Ақпан, 2025
Жақынымыздың жанына үңіліп жүрміз бе
Ақыл тоқтатын жасқа жеткен ересектердің де, жасөспірім шақтағы қаракөздердің де өзін-өзі оп-оңай өлімге қиюы қоғамдағы қасіретке айналды. Біреу асылып қалуды, енді бірі биіктен құлауды, сірке суын ішуді, күре тамырын қиюды таңдап, жарық дүниемен қош айтысып жатыр. Адамдар неге өзіне қол жұмсайды? Онсызда қамшының сабындай қысқа ғұмырда оларды өмірден түңілдірген не нәрсе?
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Темір жол саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», деген еді. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы отандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 04 Ақпан, 2025
Ғалам ғажаптары: ЖИ-да да сезім бар
Жасанды интеллект еңбек нарығында адамның орнын басып қана қоймай, сезім қажеттілігін де өтей алатын деңгейге жетті.
Әлем • 03 Ақпан, 2025
Зейнеткер түрмеде «тегін» өмір сүру үшін қасақана қылмыс жасаған
Акиё есімді 81 жастағы жапондық кейуана ұрлыққа түсіп, ең үлкен әйелдер түрмесіне тоғытылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2025
«Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, күн сайын елімізде балалардың 15 пайыздан астамы интернетте теріс мазмұндағы контентке ұшырасады. Бақылау мен байыптаудың жоқтығынан болса керек, кейінгі кездері қауіпті ойындардың құрығына іліккен жасөспірімдер жанын қиып, қылмысқа да ойланбай барып жүр.
Үкімет • 30 Қаңтар, 2025
Қазақстан мен Ресей тауар айналымы 30 миллиард долларға жетеді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин арасында екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2025
Үкімет Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2025
Елімізде алғаш рет отандық тақтатас мұнайы өндіріледі
Бүгін елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасап, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Қазақстанда халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Алғашқы баяндаманы Үкімет басшысы Олжас Бектенов, жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2025
АЭС құрылысы бойынша келісімдер жақын арада жасалады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша келісімдер жақын арада жасалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2025
Бектенов экономикалық көрсеткіші төмен облыстарды атады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылы іске асқан жұмыстардың қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2025
Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өсті
Бүгін Астанада Президент төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.