м
Ғылым • 25 Шілде, 2025
Қазақстандық ғалымдар жаңа инновациялық қондырғы ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген фермерлік өнімдерді өңдеуге арналған «Dayar 20» мобильді лиофилизациялық қондырғысы ауылшаруашылығы өнімдерін табиғи қалпында, сапасын жоғалтпай, ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Алматы әкімі «Таза Қазақстан» бастамасына жастарды жұмылдыруды ұсынды
«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқанын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңесте атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі және алдағы уақыттағы басым бағыттар, соның ішінде тұрғындарды экологиялық акцияларға тарту мәселелерімен танысқан әкім Дархан Сатыбалды жастардың экологиялық бастамаларға көптеп қатысуына ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты. Өйткені, жастар буыны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тазалық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөлге ие, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Шілде, 2025
18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады
Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Ясауи кесенесіндегі ақылы қызметтер бағасы өзгереді
Қазіргі таңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытуда музейлердің рөлі орасан. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда олардың тиімді жұмыс істеуі тек мемлекеттік қолдауға ғана емес, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін нақты тетіктерге де байланысты. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты 36 мекеменің, соның ішінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ақылы қызметтер бағасын қайта қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыстан кейін көлік бірнеше рет аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 25 Шілде, 2025
Жас физиктер Францияда 5 жүлде жеңіп алды
Францияның Палезо қаласында 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысқан халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама екі күміс және үш қола, барлығы бес медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Шілде, 2025
Осы жылы шілденің тоғызы күні елімізде Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Ғылым мен технологиялардың түлеуіне септесетін суперкомпьютер қарапайым компьтерден қарағанда мыңдаған есе жылдам есептеуге қауқарлы. Мәселен, Alem.cloud Ұлттық суперкомпьютер орталығындағы еліміздің еншісіндегі жаңа есептеу кластерінің өнімділігі өңір бойынша рекордтық көрсеткішке ие - FP8 әдісі бойынша 2 экзафлопс, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Шілде, 2025
Бас санитар дәрігер мен оның сыбайластары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев пен осы мекеменің бас маманы Жанғабаев және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазмұханбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс ушықты
2025 жылғы 25 шілдеде, таңертең Таиланд пен Камбоджа шекарасында артиллериялық атыс дыбыстары қайта естілді. Бұл туралы Таиландтың Ұлттық телерадиохабар тарату қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Астанада мас жүргізуші патрульдік көлікке соқтығысқан
Астана прокуратурасының мәлімдеуінше қалада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік басқарып, полицейлерден қашуға тырысты. Ол бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзып, ақыры патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Кипрдегі орман өртінен 2 адам қаза тапты
Кипрдің Лимассол мен Пафос аймақтарында болған орман өрті 124 шаршы шақырым аумақты жайлады. Табиғи апаттың салдарынан 29 ауыл электр жарығынсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 25 Шілде, 2025
Қазақстанда көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артқан
2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Шерзат ісі бойынша сотталған бір қылмыскер бостандыққа шықты
Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ қамаудан босатылды. Бұл жөнінде заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 25 Шілде, 2025
Әзербайжанда «Дос-Мұқасан» фильмі таныстырылды
Бакуде Қазақ киносының бір айлық маусымы басталды. Салтанатты іс-шара «Дос-Мұқасан» музыкалық драмасымен ашылды. Режиссер Айдын Сахаманның фильмі елдің музыка өнеріне жаңа серпін берген, қазақ рокының негізін қалаушы танымал қазақстандық ансамбльге арналады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Түркістанның екі ауданында 74 587 гектар егістік суарылды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты. Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық суды бөлетін «Достық» мемлекетаралық каналына барды, су – елімізге бұрын қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы егіс алаңдарын суаруға пайдаланылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Шілде, 2025
Президент Түркияға ресми сапармен барады
29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
«Auyl sport – 2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
Қырғызстанда 2008–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық волейбол турнирінде Қазақстанның атынан қатысқан ауылдық командалар ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңіс - «AUYL SPORT» жобасының жемісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Шілде, 2025
Биыл елімізде төрт арнайы білім беру ұйымы ашылған
Осылайша Қазақстандағы арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жеткен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 24 Шілде, 2025
Қазақстан Әзербайжанда "Дос-Мұқасан" фильмін таныстырды
Бакуде Қазақ киносының айлығы ресми түрде басталды. Мәдени шара Айдын Сахаман режиссерлік еткен "Дос-Мұқасан" музыкалық драмасының көрсетілімімен ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Технология • 24 Шілде, 2025
Қазақстанда ChatGPT 1 тамыздан бастап қымбаттайды
OpenAI хабарлауынша, енді жазылым құнына 12% ҚҚС қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Шілде, 2025
Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Шілде, 2025
Астанада тегін спорт сабақтары қайда және қашан өтеді
«Aulafit» жобасы — қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан ірі бастамалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Мүгедектігі бар 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
2025 жылғы 1 шілдедегі деректерге сәйкес, елімізде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі қолдау шараларымен 15 мыңнан астам адам қамтылған. Бүгінгі таңда 110,9 мың ерекше қажеттіліктері бар азамат жұмыс істейді, бұл олардың жалпы санының 30 пайызын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Шілде, 2025
Елімізде су тазартатын мембраналар өндіріледі
«Экотэк Инжиниринг» компаниясы Сәтбаев университетімен бірлесіп су тазарту жүйелеріне арналған спиральды мембраналарды өндіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Шілде, 2025
Үкіметте агроөнеркәсіптік жобаларды қолдау жолдары қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды, делінген хабарламада.
Президент • 24 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 24 Шілде, 2025
Бұдан былай медбикелер дәрігер міндетінің бір бөлігін өзіне алады. Осы өзгеріс медициналық көмектің қолжетімдігін, сапасын арттыруы тиіс. Себебі дәрігердің жүктемесі біршама азайған соң олар әрнеге елеңдемей, жағдайы күрделі пациенттерге жіті назар аудара алады.
Заң мен Тәртіп • 24 Шілде, 2025
Елімізде жыл басынан бері 6,4 тонна есірткі тәркіленген
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес шеңберінде 6,4 тонна есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Шілде, 2025
Алғашқы медициналық көмекте ағаттық болмауы тиіс
Ел үкіметі алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жетілдіруге бұрыннан көп көңіл бөледі. Әсіресе, кейінгі жылдары ауылда медициналық ұйымдарды көбейтуге, керек-жарағын түгендеуге басымдық берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.