ыс
Оқиға • 13 Қазан, 2025
Алматыда есірткі бизнесіне қатысы бар 6 мыңнан астам банк картасы бұғатталды
Алматыда полицейлер есірткі сату және таратумен айналысқан үш қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 13 Қазан, 2025
Ұлытау облысында 3000-нан аса көшет отырғызылды
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы - экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға ұлытаулықтар да үлес қосып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қазан, 2025
Жетісу облысының 3 мыңға жуық тұрғыны "Саламатты Қазақстан" пойызы дәрігерлерінен көмек алды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2025
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Алдын ала мәліметтер бойынша жеңіл автокөлік қарсы жолаққа шығып, жүк көлігімен соқтығысқан. Полиция қайғылы жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2025
Тереңқара өзенінің бойындағы жерлер рекультивацияланады: іс сотқа жолданды
Алматы облысының Іле ауданындағы Тереңқара өзенінің арнасына құрылыс және тұрмыстық қалдықтар төгілу фактілері анықталды. Бұл жағдай жергілікті билік назарынан тыс қалмады. Ащыбұлақ ауылдық округі әкімдігі заң бұзушылықты жою және жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша материалдарды сотқа жолдауға дайындық жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 12 Қазан, 2025
Түркістан облысында 190 жер учаскесі заңсыз берілген
Түркістанда жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай • 12 Қазан, 2025
Ақмола облысында 45 жастағы балықшы суға батып көз жұмды
Ақмола облысында 45 жастағы ер адам суға түсіп кетіп, қатты тоңудың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 12 Қазан, 2025
Қостанайда құтқарушылар газдан уланған 2 адамды аман алып қалды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2002 және 2003 жылғы екі азамат тереңдігі шамамен 2 метр болатын гараждың жертөлесіне түсіп, өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Сол кезде 2001 жылғы үшінші азамат жоғарыға көтеріліп, 112 желісіне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қазан, 2025
Қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық нысан пайдалануға берілді
Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 12 Қазан, 2025
Қызылордада Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының жалғасы пайдалануға берілді
Қала күні қарсаңында облыс орталығындағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі аяқталып, Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін жаңадан салынған автомобиль жолының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламент Сенатының депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 11 Қазан, 2025
Ақмолалықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты
Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні аумақтарды тазалауға 30 мыңнан астам адам шықты, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Жетісу облысында ұлы ғалым, ағартушы, этнограф әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов: тарих және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Қазан, 2025
Ақмола облысында газбен жабдықтау желісі кеңеюде
Ақмола облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Целиноград ауданында бірден екі ауылға – Ыбырай Алтынсарин атындағы ауыл мен Талапкерде газ беру іске қосылды. Аталмыш оқиғаны көп жылдар бойы күткен жергілікті тұрғындар үшін бұл нағыз мереке болды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Экология • 11 Қазан, 2025
Арқалықта ағаш отырғызу акциясы өтті
Арқалықта «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ауқымды ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық іс-шара барысында қала тұрғындары Арқалық педагогикалық университетінің жаңадан жаңғыртылған үшінші оқу ғимаратының алдына, Ахмет Байтұрсынұлы аллеясына 500-ден аса қарағай, қайың көшетін отырғызды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мәдени-сауық орталығында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қазан, 2025
Аралда қайтарылған активтерге 6 нысан салынып жатыр
Прокуратура органдарының мемлекетке қайтарылған активтерді тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстары нәтижесіз емес. Осы күні Қызылорда облысының Арал ауданында денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салалары бойынша алты әлеуметтік нысан салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Қазан, 2025
Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған
Қарағанды облысының Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 10 Қазан, 2025
Атырау облысында 9 айда 180 килодан астам есірткі тәркіленді
Атырау облысының полицейлері 9 айда есірткімен байланысты 120 құқық бұзушылықты, оның ішінде 67 қылмысты тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы қолға алынды
Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна кен өндіретін ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Карғыба өзені бөгетін реконструкциялау жобасы қолға алынды
Бөгет – Абай облысына қарасты Ақсуат ауданы аумағында. 2021 жылы жобаны әзірлеу кезінде олқылықтарға байланысты тоқтатылған реконструкциялау жұмысын Су ведомствосы қайта бастады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қызылорда облысының ауылдарын сумен қамтуға 2,2 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аталған іске қайтарылған активтер қаражаты есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 10 Қазан, 2025
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкердің құқын қорғады
«Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігіне қарасты «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 10 жылдан астам жерасты кенішінің өндіру учаскесінің шпур бұрғылаушысы Б. есімді азамат денсаулығына байланысты жұмыстан шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Қазан, 2025
Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш баласын өрттен құтқарып, өзі құрбан болды
Ер адам өртеніп жатқан үйдің терезесінен отбасы мүшелерін тегіс алып шыққан. Өзі ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қазан, 2025
Өңірде мәдениет пен өнер саласы қайта түледі
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңірде мәдениет пен өнер саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында басқарма басшысы Жанжігіт Омархан баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қазан, 2025
Абай облысында 85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Жезқазғанда жұмысшыны топырақ басып, мерт болған
Қайғылы-жазатайым оқиға – аталған қалада 8 қазанда болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қазан, 2025
Елорда маңында мал ұрлығы оқиғасы әшкереленді
Мұқият жоспарланған мал ұрлығы оқиғасын елорда полицейлері қала маңы саяжайларының бірінде анықтаған. Қылмыстық іс қозғалып, үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қазан, 2025
Қызылордалықтарға 320 пәтердің кілті табысталды
Бүгін Қызылорданың Қазақ елі астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толу мерейтойы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 320 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.