Соңғы жаңалықтар
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Мектеп оқушылары адамға даусын қайтаратын құрылғы ойлап тапты
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектепінің оқушылары дауысынан айырылған адамдарға сөйлеу мүмкіндігін қайтаратын VoiceX атты құрылғының прототипін әзірледі. Құрылғы мойындағы өте әлсіз вибрацияларды анықтап, оларды адамның өз дауысына мейлінше ұқсас сөйлеуге айналдырады. Жоба қазір патенттеу кезеңінде тұр, сондай-ақ Samsung Solve for Tomorrow байқауының жартылай финалына өткен, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 17 Қыркүйек, 2025
Атырауда 8 млрд теңгені заңсыз иемденіп, салық төлеуден жалтарғандар сотталды
Атырау сотында жалған шот-фактуралармен арқылы 8 миллиард теңгені иемденген 3 күдікті қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Атырауда менеджерді өлтірген күдікті өмір бойына сотталды
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шетелдік компанияның менеджерін қатыгездікпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Алаяқтарға SIM-карта ұсынғандар ұсталды
Алматы қалалық киберпол қызметкерлері мессенджерлерге тіркеу үшін көп мөлшерде SIM-карталар мен мобильді телефондарды сатып алып, пайдаланған адамдар тобын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Қыркүйек, 2025
Израиль шабуылынан кейін Газада байланыс жүйесі істен шықты
Палестиналық телекоммуникациялық компаниялар Газа секторының солтүстігінде Израиль әскерінің жойқын әуе соққыларынан кейін интернет пен телефон байланысы толығымен үзілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Президент: Алтайды терең зерттеу – түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтай – түркілердің ата қонысы. Түркі өркениетінің қалыптасу тарихы» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда жаңа ірі инвестициялық жобалар бекітілді
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Басқосуда агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және азық-түлік өнеркәсібі сынды негізгі бағыттардағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды. Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісімдердің басты шарттары мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Жетісайда 18 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған
Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) байланысты ірі көлемде қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды. Прокуратура тексерісі барысында кейбір отбасыларға негізсіз төлемдер жүргізілгені және құжаттарда жалған қорытындылар рәсімделгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 17 Қыркүйек, 2025
Атом энергетикасын дамытудағы басымдықтар талқыланды
Атом энергетикасы халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясы аясында Атом энергиясы жөніндегі агенттк төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен АЭХА Бас директорының орынбасары Михаил Чудаков арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Омар Хабтур әл-Дареймен әлемдегі рухани ахуал жөнінде пікір алмасты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Архив • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік архивтерге ұлттық мәртебе беріледі
Бүгін Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттар республикалық мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебесін беру мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Қыркүйек, 2025
Amazon мен Walmart-та қазақ ұны сатылып жатыр
Отандық бидай ұны АҚШ нарығына жол тартты. Нью-Йоркке Eurasian Legacy брендімен алғашқы 50 тонна өнім жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық архив қоры жаңа құжаттармен толығады
Бүгін Мәжіліс Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген архив ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватиятың Загреб қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік доданың бүгінгі жарыс күнінде боз кілемге әйелдер шықты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасына қызметтік автокөліктер табысталды
Жеке құрамға 32 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді. Су жаңа көлік иеленген Ұлттық ұланның жүргізушілері кәсіби шеберліктерін ерекше тәсілмен көрсетті. Олар саптық алаңда автокөліктердің көмегімен күзгі вальс орындады, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 17 Қыркүйек, 2025
Үш мың жылдық алтын білезік ұрланды
Мысыр туризм және ежелгі тарих министрлігі 3 мың жыл бұрынғы алтын білезіктің қолды болғанын хабарлады. Жәдігер перғауын Аменемоп дәуіріне тиесілі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Қытай делегациясымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан қызметкері панкратионнан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада 16–18 қыркүйек аралығында панкратионнан Amateur MMA бағыты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі, «BURKIT TEAM» клубының спортшысы Нұрғали Нұрғайпұлы қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қыркүйек, 2025
Елімізде ең көп көлік қай өңірде тіркелген
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 159,5 мың автокөлік тіркеуден өткен. Оның 5,2 %-ы алғаш рет есепке қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Мемқызмет агенттігі HR мамандарына арналған ашық диалог алаңын өткізді
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі HR-қауымдастық өкілдері үшін «HR цифрландырудың жаңа тәсілдері» атты Open Day ұйымдастырды. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – кадрлық үдерістерді заманауи цифрлық құралдар арқылы жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету және мемлекеттік қызмет саласында адами капиталды дамыту бойынша жаңа тәжірибелермен бөлісу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Қыркүйек, 2025
Кибер шабуылдың жаңа түрі пайда болды
Бас прокуратура автокөлік иелеріне бағытталған жаңа кибершабуылдан сақтануға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды
2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем небәрі 35,7 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархына ілтипат білдіріп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы иудаизм ұйымының өкілдерімен кездесті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бермен, Израильдің бас сефард раввині Давид Йосефпен, Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы атқарушы төрағасының орынбасары Малькольм Хонлайнмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 17 Қыркүйек, 2025
Балалар әдебиетінің жанашырлары бас қосты
Алматыда Ұлттық кітапхана және балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры бірлесіп «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» тақырыбында ойталқы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола жүлдемен қорытындылады
Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары мәресіне жетті. Балуандарымыз жаһан біріншілігінің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларын марапаттады
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларына мемлекеттік наградаларды, Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын, Съездің құрмет медалін, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгісін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 17 Қыркүйек, 2025
ҮЕҰ өкілдері Президент Жолдауын талқылады
Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына арналған азаматтық қоғам өкілдерінің кездесуі өтті. Жиын барысында үкіметтік емес ұйымдар Жолдауда көтерілген бастамалардың жүзеге асырылуына азаматтық сектордың қосатын үлесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.