ыс
Төтенше жағдай • 17 Қыркүйек, 2025
Алатау полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны үш күннен бері жанып жатыр. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі полигондағы өртті сөндіру үшін басқа облыстардан қосымша күштер тартты. Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Қыркүйек, 2025
Ақтауда бір пәтерді бірнеше адамға сатқан компания басшысы қамауға алынды
Ақтауда "Global Construction bi" ЖШС-нің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол бір пәтерді бірнеше сатып алушыға сатқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда вокзал мен тұрғын үйге бомба қойылғаны өтірік болып шықты
16 қыркүйекте Талдықорған қаласының жедел қызметтеріне теміржол вокзалы аумағына және Біржан Сал көшесіндегі тұрғын үйге жарылғыш құрылғы қойылды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысындағы инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды, деп жазды Ақорда.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды
Қопа көлінің жағасында орналасқан ғимарат бұрын Президент резиденциясы болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған нысан балалардың игілігіне беріліп, былтыр желтоқсан айында Шахмат үйі ретінде есігін айқара ашты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттер нақтыланды
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңесте жиналған өнімді тиісінше сақтау маңызды міндеттің бірі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын жымқырған
Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен алимент ақшасын қалтасына басып келген, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Президент Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті
Қ.Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 16 Қыркүйек, 2025
Енді дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Қарашөкеев орынбасарына сөгіс жариялады
Жаңа оқу жылы басталғалы Жамбыл облысы трагедия ошағына айналды. Екі аптаның ішінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында үш бірдей қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Іле ауданының саяжай тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді
Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінде жалпы саны 22 мың халық тұрады. Ауылдық округте бірнеше разъездерге бөлінген 13 саяжай орналасқан. Оларда 8 жарым мыңнан астам халық мекендейді. Осы саяжайлар бойынша 522 оқушы тасымалданып оқытылады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда сот орындаушылары көпбалалалы ананың баспанаға деп жинаған ақшасын алып қоймақшы болған
Жеке сот орындаушылары отбасының «Отбасы банкінде» жинап қойған ақшасын қарыз ретінде өндіруді ұйғарған. Бұл жинақты отбасы «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы үшін жинаған, қаражат банктің кепілінде болған, хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 15 Қыркүйек, 2025
Ресеймен шекарадағы павлодарлық өткізу бекеттерін жаңғырту басталды
Шекаралық өткізу бекеттерін жаңғыртудың республикалық жол картасына Павлодар облысынан 5 автокөлік өткізу бекеті енгізілген, хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда алдағы он жылда электр қуаты өндірісі 60%-ға өседі
Өңір қазіргі уақытта еліміздегі электр энергиясының 40 %-дан астамын қамтамасыз етіп отыр. Электр стансаларының жалпы қуаттылығы – 8000 МВт, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды
Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы жөндеу басталады
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның мәліметінше, мұнай өңдеу зауытындағы жоспарланған алдын алу жұмысы 25 қазанға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен БАӘ өкілдері мұнайды терең өңдеу мәселесін талқылады
Маңғыстау облысының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиге Жоғары мәртебелі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның шақыруымен іссапармен барды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қыркүйек, 2025
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған экс-шенеунік Түркиядан экстрадицияланды
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан Қазақстан азаматы 7 жылдық іздеуден кейін Түркиядан елге жеткізілді. Ол ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырып, билігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 15 Қыркүйек, 2025
Өңірде барлығы 31 газ желісінің ұйымы бар болса, 247 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылып отыр. Сонымен қатар аймақта «KGT Group», «Азия Нефтепродукт», «AlanGasTerminal», «Газ Ойл Тараз», «Аргос», «ТАН», «Казахстанский Стандарт» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің газ толтыру станциялары орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2025
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қыркүйек, 2025
Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» иеленді
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты — EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қылмыс • 14 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты
Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жоғарғы сынып оқушылары бір баланы соққыға жыққан. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстан, Сингапур және Ұлыбритания тәрбие жөніндегі халықаралық ұйым құрмақ
Астанада Азия, Еуропа және Қазақстанның профессорлары мен сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Талқылаудың басты тақырыбы – үйлесімді, жауапты және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған президенттік «Адал Азамат: біртұтас тәрбие» бағдарламасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Қыркүйек, 2025
Алакөлде төтенше жағдай жарияланды
Абай облысындағы Алакөл жағалауында төтенше жағдай жарияланды. Бұл шешім Кабанбай ауылдық округінің аумағында орналасқан демалыс орындары мен инфрақұрылымға жағалаудың шайылу қаупі төнгеніне байланысты қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін қайтыс болды
Қазақстанда 15 жастағы балуан жаттығудан кейін көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбеде жаттығу кезінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
Маңғыстау облысында жол апатынан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізілмек
Дәрігерлер Маңғыстау облысында автомобиль апатынан зардап шеккен екі әйелдің жағдайын тұрақтандырып, кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицина орталығының клиникасына жеткізбекші. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.