Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Ономаст ғалымдар Батыс Қазақстан облысында
Орал қаласында «Тарихи-диахрониялық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» атты республикалық жоба бойынша кеңес өтті деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Тамыз, 2025
Ақтаудағы балабақшада кіші топтағы бүлдіршінді қатыгездікпен соққыға жыққан
5 тамыз күні Ақтаудағы жекеменшік "Тұмар" балабақшасында (24-шағынаудан) жаға ұстатарлық оқиға болды. Кіші топта тәрбие алып жүрген бүлдіршінді басқа бір қыз бала тұншықтырып, соққы жасап, түрлі зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Тамыз, 2025
Маңғыстау облысында ЕАЭО өткізу пункттері жаңғыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында белгіленген стратегиялық бастамаларды іске асыру мен ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы министрлігі шекара маңындағы кедендік инфрақұрылымды жаңғыртудың кешенді бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бірінші кезеңде ҚХР және Өзбекстанмен арадағы шекаралық аймақтарда төрт заманауи өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы арқылы жүктердің ағыны едәуір артып, сыртқы экономикалық қатысушылардың жағдайы жақсара түсті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Тамыз, 2025
Астана жарықсыз қалады: жаппай өшіру кестесі жарияланды
Елорда тұрғындарын жаппай электр жарығын өшіру күтіп тұр. "Астана-РЭК" компаниясы қаланың екі бірдей ауданында – Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарында жарық уақытша ажыратылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz тілшісі.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Астанада жеткіншектің қос аяғынан айырылуына себепкер болған автобус жүргізушісі жазадан босатылды
Қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус бағанға соғылып, салдарынан кішкентай қыз ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 07 Тамыз, 2025
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды. Ол катерден құтқару жилетінсіз суға секірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанда есірткі бизнесіне қарсы күрес күшейді: 14 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары күшейтіліп, нәтижесінде қылмыстық топтар мен астыртын зертханалардың жолы кесілді. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте мәлім болды.
Ғылым • 07 Тамыз, 2025
«Болашақ» халықаралық стипендиясы 217 қазақстандыққа берілді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Білім • 07 Тамыз, 2025
Грантсыз да тегін білім алуға болады: Министр балама нұсқаларды ұсынды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін құттықтап, грант ала алмаған талапкерлерге арналған балама мүмкіндіктерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Қытайлық қандас Парижде «Қыз Жібек» атауымен иіссу шығарды
Отандасымыз Нұржан Төлеген Франция астанасы Парижде люкс санаттағы парфюм жасап, сатылымға шығарды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 07 Тамыз, 2025
«Павлодар» экономикалық аймағының инфрақұрылымын жетілдіруге 19 млрд теңге қажет
Бұл қаражат автожол мен темір жолдар салуға, электрмен жабдықтау қуатын арттыруға жұмсалады. Жалпы мұнда тартылған инвестициялар көлемі 184,6 млрд теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Атырауда 20 кәсіпкер әлеуметтік азық-түліктер бағасын негізсіз өсірген
Атырау облысында арнайы комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін мониторинг жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Тамыз, 2025
Алматыда қоғамдық автобус әйелді қағып кеткен
1957 жылы туған әйел оқиға орнында мерт болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Алакөлде тағы бір санаторий салынады
Қазақстан мен Әзербайжан кәсіпкерлері бірлесіп, Алакөл жағасынан тағы бір санаторийдің құрылысын бастауға ниетті. Осы мақсатта кеше қазақ-әзербайжан делегациясы Абай облысына келіп, өңір басшысы Берік Уәлимен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 07 Тамыз, 2025
«Жастар практикасы» - түлектерге берілген мүмкіндік
Түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2025
Президенттік кадр резерві: 2677 үміткер тестілеудің екінші блогына өтті
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында тестілеудің келесі блогы – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жіберілген үміткерлер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Құрылыс компаниялары заңсыз жарнама жасаған
Атырау қалалық прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартуды жарнамалаумен айналысқан 10 компанияны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Атырауда 12 мемлекеттік кәсіпорын рұқсатсыз ақылы қызмет көрсеткен
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 12 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2025
2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы тамызға дейінгі аралықта арпаның сыртқа жеткізілу көлемі 1,82 млн тоннаны құраған, бұл өткен маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (+952,6 мың тонна). Осылайша еліміз арпа экспортын айтарлықтай арттырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Қызылордада дүкеннен алтын ұрлаған 49 жастағы әйел ұсталды
Оқиға Қызылорда қаласындағы сауда үйлерінің бірінде болған. Зергерлік дүкенге кіріп, бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған күдікті сатушының көзін ала бере алтын бұйымдарды ұрлап алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2025
Қазақ балуандары Польшадан алты жүлдемен оралды
Польшаның Варшавасында күрес түрлерінен «Ziolkowski, Pytlasinski, Poland Open» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 07 Тамыз, 2025
Елімізде өнім экспорттаушыны қолдау екі есеге өскен
Қазір отандық өнім өндірушілер мен оны қайта өңдеушілерді мемлекеттік қолдау шарасы жан-жақты жүргізіліп жатыр. Оған қоса, өңделген отандық өнімдерді экспорттауды қолдап, ұйымдастыру ісі де жылдам ілгерілеп келеді. Биылғы жартыжылдықта өңдеуші өнеркәсіпке көрсетілетін қолдау көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе өскені байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Тамыз, 2025
Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшісі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 07 Тамыз, 2025
Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме өтті
«Ғылым ордасы» РМК Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Мәдени өкілдігімен бірлесіп, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Әдебиет – достық көпірі» атты көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 07 Тамыз, 2025
Елена Рыбакина жартылай финалда жеңілді
Әлемнің 12 ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монеаль қаласында өткен WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 07 Тамыз, 2025
Астанада Абай туралы жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен Ұлттық академиялық кітапханада «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай», «Абай. Стихи и поэмы» атты жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Тамыз, 2025
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Тамыз, 2025
Зейнеткер 8 баласы мен немересінен алимент талап етті
Атырауда 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен алимент төлеуді талап етіп, сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2025
Атырау облысында бір айда жол апатынан 10 адам көз жұмған
Атырау облысында шілде айында 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 10 адам, оның ішінде 3 жасөспірім мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Тамыз, 2025
Базарлардың өртенуі неліктен жиілеп кетті
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистер төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтан елімізде базарлардың өртенуіне қатысты жағдайлар неліктен жиілеп кеткенін сұрады, деп жазады Egemen.kz.