Редакция таңдауы
Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2025
Түркістанда жеке тұрғын үй өртенді: 12 адам мерт болды, оның 9-ы бала
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Оның 9-ы бала, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі салтанатты рәсіммен қарсы алды. Тараптар алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, бұдан кейін екі елдің әнұраны шырқалды.
18 Қараша, 2025
Тәртіпті күшейту – басты назарда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мен жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарау мәселелері талқыланды. Жиын Мемлекет басшысының бюджет қаражатын цифрландыру арқылы тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына арналды.
18 Қараша, 2025
Дастан Рыспеков: Ұлытаудың ұпайы түгенделіп келеді
Ұлытау облысы – тарихи мұраға да, табиғи байлыққа да кенде емес. Облыс ретінде құрылғанына үш жылға жуық уақыт өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты арнаға бағыттап, әлеуетін арттыру жолында бірқатар жүйелі жұмыс қолға алынды. Биылғы негізгі көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар – соның дәлелі. Осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде Ұлытау облысының әкімі Дастан РЫСПЕКОВПЕН әңгімелескен едік.
18 Қараша, 2025
Академиялық адалдық жауапкершіліктен басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару керектігін айтқан еді. Өйткені «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Бұл ұғым «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізіне айналды. Онда қараша айының құндылығы ретінде «Әділдік және жауапкершілік» қағидаты белгіленген. Аталған қасиеттер тек мінез өлшемі емес, сонымен қатар білімнің сапасын анықтайтын басты шарт. Өйткені шынайы білім әуелі адал азаматқа қонады.
18 Қараша, 2025
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы матчын өткізді. «Астана Арена» стадионында Бельгия ұлттық құрамасымен тартысқа түсіп, ұпай олжалады.
18 Қараша, 2025
Бұл жолы аң-құс кездесе қоймады. Күзге салым асыр салған аю атаулы да апанына кіріп, қысқы ұйқыға кетсе керек. Батыс Алтайдың бытысқан тайгасына тікұшақпен рейд жасап келеміз. Бәрі алақандағыдай. Заңсыз ағаш кесіп, аң аулаған қаскөйлер кездесе қалса, борттағы инспекторлардан құтылып кетуі екіталай.
18 Қараша, 2025
«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық байқау аяқталды. Байқау 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін өтті, оған 27 000-нан астам өтінім түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
Яна Легкодимова ісі: Айыпталушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Атырауда көпшіліктің назарын аударған Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Сот екі күдіктіні аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қызметі жеңілдейді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Польша Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Яцек Чернякпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
Апатты жағдайды реттейтін бригадалардың жұмысы жаңа стандартпен реттелмек
Елімізде апаттық-диспетчерлік қызмет мамандары қалай дайындалуы керек және олардың нақты міндеттері қандай болатыны енді бірыңғай талаппен реттелмек. Министрлік осы бағыттағы жаңа кәсіби стандарт жобасын көпшілік талқысына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
Қазақстандық ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады
Обырға қарсы отандық препаратты әзірлеуші Nazarbayev University профессоры Дос Сарбасов 2026 жылы клиникалық сынақтардың жаңа, шешуші кезеңіне көшетінін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
17 Қараша, 2025
«Күрең берет» нағыз жауынгерлерге ғана жарасады
Биыл Алатау қаласына «Бүркіт» арнайы жасағының 97 жауынгері жиналды. Бәрінің мақсаты – бір: үйге күрең берет киіп қайту. Бірақ бұл – оңай шаруа емес. Білім мен білік, қайсарлық пен әжептәуір ептілік керек. Осы жолы қанша үміткер сынақтан сүрінбей өтті? Іріктеу қалай болды?
17 Қараша, 2025
Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде елімізде ұстаз, дәрігер, инженер секілді білімді мамандар сауда-саттыққа кеткенін білеміз. Халықтың көбі қара жұмысқа жегілді. Оның салдарын әлі күнге дейін тартып келеміз, аталған салаларда, жалпы елде білікті кадрлар жетіспейді. Ал қазір экономика тұрақталып, цифрлық дәуірге қадам басқан кезде оқу-тоқуға мүмкіндік көп. Тіпті ел басқару ісіне де араласуға кедергі жоқ.
15 Қараша, 2025
Креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды
Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мәдениет министрліктерінің басшылары, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Әзербайжанның Мәдениет министрі қатысты.
15 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығы ел ырысын еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысты. Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан аса адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды.
15 Қараша, 2025
Президент мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. «Ташкент-Хумо» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестр сап түзеді. Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті.
15 Қараша, 2025
Озық ұлтқа айналудың тиімді жолы
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкентте өткізілу барысы туралы» баспасөз конференциясы өтті. Онда «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі Ақан Бесбаев пен Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Шолпан Айтбаева аталған бастама туралы баяндады.
15 Қараша, 2025