Редакция таңдауы
Қарт тарихтың куәсі, талайғы Тараз қаласы кейінгі бірнеше жылдың бедерінде тотыдай таранып, түрлене түсті. Биыл іргедегі Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен қала аумағына қосылып, Таразда тұратын тұрғындар саны жарты миллионға жуықтады. Нәтижесінде облыс орталығында «Әулиеата», «Жібек жолы» аудандары құрылды. Дамудың жаңа сатысына қадам басқан Тараз қаласында атқарылған жұмыс аз емес. Осы орайда шаһар басшысы Бақытжан ОРЫНБЕКОВ Тараз қаласында іске асырылған ілкімді істер мен алдағы уақытта атқарылатын межелі міндеттер туралы айтып берді.
05 Қыркүйек, 2025
Қали Сәрсенбай: Білім мен мінез біріксе, алынбайтын қамал жоқ
Даңқты диқанның диагнозы...
05 Қыркүйек, 2025
Марқакөлдегі туристік қалашықтың болашағы қандай?
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов журналист Еркін Байғабылұлына берген сұхбатында облыспен көршілес Қытай елінің аумағында орналасқан Қанас көліне жыл сайын ішкі Қытайдан 10-12 миллион турист келетінін айтып, сол туристердің бір бөлігін облыстағы демалыс орындарына тарту үшін еліміздің аумағындағы Марқакөл мен Қанас көлінің арасында автокөлік жолының салынатындығын, осыған орай Марқакөл жағалауынан туристік қалашық салу жөнінде ойлары барын жеткізді.
05 Қыркүйек, 2025
Халықтың әлеуметтік жағдайы – басты назарда
Түркістан облысында 24 мыңнан астам медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. Дегенмен білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті. Өңірде 253 бейінді дәрігер жетіспеушілігі бар. Білікті маман тапшылығын шешу мақсатында жыл сайын жоғары білімнен кейінгі оқу орындарына дәрігерлерді резидентурада даярлауға жергілікті бюджет есебінен гранттар бөлініп келеді.
05 Қыркүйек, 2025
Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады
Қор қаражатын талан-таражға салғаны үшін 10 жылға сотталған Перизат Қайраттың элиталы пәтерлері, қымбат көліктері мен зергерлік бұйымдары аукцион арқылы сатылып, түскен қаржы жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2025
Берік Нәжімиденов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Бүгін Сенат депутаттары ел президентінің ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2025
Бүгін бокстан әлем чемпионаты басталады
4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырумен әлем біріншілігі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2025
Инвестициялық жобалардың игілігі
Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) еліміздегі ең ірі инвестициялық жобаларды қаржыландырып отыр. 2025 жылғы тамыздағы мәліметке сай, ҚДБ қолдауымен 26 ауқымды жоба іске асырылады. Олардың қатарында жаңа зауыттар, энергетикалық нысандар, туризм мен әлеуметтік инфрақұрылымға арналған жобалар бар.
04 Қыркүйек, 2025
Көші-қон тәртібін жүйелеу – өзекті мәселе
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жаңа саяси маусымдағы алғашқы жалпы отырыс өтті. Депутаттар Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ сапарлар мен азаматтардың болу тәртібі туралы екі келісімді ратификациялау жобасын қарады. Тиісті комитеттер бірқатар заң жобасын жұмысқа қабылдады.
04 Қыркүйек, 2025
Сенімге негізделген сапалы өнім
Түгін тартса, майы шыққан Меркінің жері жанға да, малға да жайлы. Осыдан болса керек, Меркі сүт өнімдеріне қай кезде де сұраныс азайған жоқ. Меркі май-ірімшік зауытының аты шарықтап тұрған кезде жұмысшылар тәулігіне 100 тоннаға дейін сүтті өңдеп, одан ірімшік, лактоза алып отырған. 90-жылдардағы қиын кезеңде іргесі сөгілмеген, аудан тарихында аты бар зауыт қазіргі нарық заманына бейімделіп, бәсекелестерден қалмауға тырысып келеді.
04 Қыркүйек, 2025
Жыл басынан бері бала тууына, күтіміне байланысты төленген жәрдемақының жалпы сомасы 507 млрд теңгеге жуықтаған. Оның ішінде тек бала туғанда берілетін жәрдемақыға республикалық бюджеттен 36,4 млрд теңге қаралып, 201,7 мың азаматқа тиген.
04 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі жоғары білім мен ғылымның алтын діңгегіне айналған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаңа оқу жылын айрықша жетістіктермен бастады. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік түлектер – «Алтын белгі» иегерлері, республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары, дарынды жастар мен білімге құштар талапкерлер ЕҰУ-дың студенті атанды. Бұл – университеттің сапалы білім беру жүйесіне, ғылыми-интеллектуалдық орта қалыптастырудағы көшбасшылығына берілген сенімнің айқын дәлелі. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс.
04 Қыркүйек, 2025
Абай Құнанбайұлы өмір жолындағы бір тарихи сәтке, нақтырақ айтсақ, 1896 жылдың 5 қыркүйегіне үңілмекпін. Бұл талай ғалымның назарынан тыс қалған, бірақ Абайдың рухани болмысын тереңірек тануға мүмкіндік беретін жаңа тарихи дерек.
04 Қыркүйек, 2025
Қырағылық – қауіпсіздік кепілі
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – ел тұтқасын ұстаған азаматтар мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қырағы бақылауында. Бұл орайда кезекті оқу жылы басталғанда білім беру мекемелері маңындағы көшелерде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, балалар өмірін аяқасты қатерден сақтауға күш салудың маңызы зор. Орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың қатысуымен өткен брифингте осы өзекті мәселе қозғалды.
04 Қыркүйек, 2025
Әділетті қоғам құқықтық құзыреттен басталады
Әрбір азамат қоғамда тең мүмкіндіктерге ие болуы қажет. Ал ол үшін алдымен әлеуметтік-құқықтық құзыретімізді түсініп алуымыз керек. Президенттің сайлауалды бағдарламасының негізгі ұғымы да, басты қағидаты да осы - әділет. 2022 жылғы конституциялық реформаның мақсаты – барынша әділет қағидасына жол ашу.
04 Қыркүйек, 2025
Астанада бірқатар мекеме жұмыс уақытын өзгертеді
Астанада 15 қыркүйектен бастап бірқатар ұйымдар жаңа жұмыс режиміне өтеді. Бұл шешім қаладағы жолдарда таңғы және кешкі уақыттарда туындайтын кептелістерді азайту мақсатында қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда сайлау ережелері қатаңдайды
Қазақстанда сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын талқылап, оны жұмысқа қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
03 Қыркүйек, 2025
Конфуций еліндегі қазақ белесі
Әлемді ынтымаққа ықпалдастыратын да, жасампаздыққа ұйыстыратын да – мәдениет. Біздің ұлт әлімсақтан айналамыздағы ниеті түзу жұртшылық өкілін «тамыр» дейді. Мұнысы жаһанның тұтастығын, адамзаттың бір негізден шыққанын меңзегені. Ата дәстүрде «Көрші ақысы – құдай ақысы» екені бала жастан миымызға сіңірілген. Бұл мәтелдің де мағынасы терең.
03 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Қытай: Өзара сауда көлемін ұлғайту – басым бағыт
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Бейжіңде жалғасты. Кеше Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары және бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде Қытайдың 70-тен аса ірі корпорациясының жетекшілері жиналды.
03 Қыркүйек, 2025
ШЫҰ: Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесі – бәрінен биік
Мемлекет басшысы өткен сенбіде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін ҚХР-дың Тяньцзинь қаласына барды. Сол күні «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізді. Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту келешегін талқылады.
03 Қыркүйек, 2025