Оқи отырыңыз
Маркетплейстер тұтынушылардың құқығын шектеп отыр - Н.Байтілесов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Н.Байтілесов елімізге заңсыз кіретін тауарлардың адал кәсіпкерлер мен мемлекет мүддесіне зиян келтіріп отырғаны туралы мәселе көтерді. Ол Премьер-Министрінің орынбасары С. Жұмангаринге қарата жолдаған депутаттық сауалында қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы дәстүрлі бөлшек саудаға бағытталғанын, онлайн-алаңдағы заңсыздықтарға қауқарсыз екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2025
Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының (ЕРДО) сарапшылары 2025 жылға арналған бос жұмыс орындарына қатысты қысқа мерзімді болжамын әзірлеп, жариялады. Бұл болжамға сәйкес, Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1,09–1,25 миллион аралығында бос жұмыс орны ұсынылады. Соның ішінде 243–350 мыңға жуығы жұмысшы мамандықтарына тиесілі болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Сәуір, 2025
Ғалымдар 3D карта арқылы тышқан миының мүмкіндігін зерттеді
Ғалымдар сүтқоректілер миының бұрын-соңды жасалмаған ең үлкен картасын ұсынды. Бұл – нейроғылымдағы ерекше жетістік. Зерттеу нәтижесінде тышқан миының көрумен байланысты кішкентай бөлігінен 200 мыңнан астам жасуша анықталып, олардың орналасуы мен байланыс желісі 3D картада бейнеленді, деп жазады Egemen.kz.
30 Сәуір, 2025
«Ұлы дала жорығы» Алматы облысының туризміне серпін береді
Алматы облысы – туризмді өркендету тұрғысынан әлеуеті де мүмкіндігі де зор өңір. Мемлекет басшысы жергілікті халықпен кездесуінде туризмді дамыту – экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыты екенін атап өтіп, табиғаттың тартуын ел байлығы ретінде бағалағанын айта кеткен жөн. Жүйелі жұмыстардың арқасында аймақ экономикасының өсіміне серпін беретін бұл бағыт жылдан-жылға қарқын алып келеді. Облыс әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВПЕН сұхбатымызда өңірдің өркендеуіне серпін беруге тиісті осы саланың бүгіні мен келешегі кеңінен сөз болды.
30 Сәуір, 2025
Жұмысшы мамандықтары жылы жастарды кәсіптік-техникалық білімге баулып, біліктілігін арттыруға жол ашады. Кәсіби деңгейі жоғары маман қай салада да сұраныссыз қалмайды. Сыр бойында атаулы жыл аясында бірқатар игі бастама жүзеге асты.
30 Сәуір, 2025
Түрлі саладағы түйткілді шешуді мақсат еткен тың бастамалар көбейіп келеді. Бірі балалардың смартфонға тәуелділігін азайтуға күш салса, енді бірі іс-шара өткізуге арналған кеңістікті лезде табуға мүмкіндік береді. Ал үшіншісі стоматология саласындағы жабдықтар мен дәрілер нарығын тәртіпке келтіруді көздейді. Бұл – елдегі нақты сұранысқа сүйеніп құрылған «Smart Zebra», «Squares.kz», «Zoob.kz» стартаптарының ортақ ұстанымы. Ата-ананың алаңдаушылығын басатын, кәсіпкердің жұмысын жеделдететін, дәрігердің сенімін арттыратын жобалар елдегі цифрлы мәдениеттің даму деңгейін де айқындап тұр.
30 Сәуір, 2025
Жаңаөзен қаласында туып-өскен Жүсіп Жетгенбай Маңғыстау өңірінің мәдени келбетін мүсін өнері арқылы әлемге танытқысы келеді. Бұл кеше ғана Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, туризмді дамытуды мақсат еткен аймақ үшін өте маңызды. Бала күнінен мүсін өнеріне ынтық болған Жүсіп қазіргі таңда облыс жастарына арналған «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде білім алып жүр.
30 Сәуір, 2025
Кейде әлемді дүр сілкіндірген ұлы ұрандар күтпеген жерден туады. Мәселен, спорт тарихындағы ең танымал сөз тіркестерінің бірі — «Nike» компаниясының «Just Do It» («Жай ғана істеп көр») ұраны – таңғаларлық әрі тосын оқиғадан бастау алған.
30 Сәуір, 2025
Адамдық пен сатқындық арасындағы таңдау
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» театрында тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбайдың «Бір адамға екі өлім жоқ» атты тарихи драмасының премьерасы өтті. Спектакльдің қоюшы режиссері – Бағдат Әшім.
30 Сәуір, 2025
10 млн табысқа шықты: Жетісайлық шаруа бір алқаптан жылына 2 өнім алып отыр
Түркістан облысы Жетісай ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жобалардың сәтті жүзеге асырылуы нәтижесінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
29 Сәуір, 2025
Тұрғын үйдің қайталама нарығында қозғалыс белсенді. Krisha.kz еліміздің 18 қаласындағы пәтер бағасын талдап, нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Сәуір, 2025
Инвестиция экономиканы нығайтады
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту әрі кәсіпкерлерді тарту мәселелері аясында кеңес өтті.
29 Сәуір, 2025
Шағын қалаларды сумен қамтуға қаржы бөлінді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандарын салу жобаларын жүзеге асырып жатыр.
29 Сәуір, 2025
Әкем Сәлкен Түгелбаев – Екінші дүниежүзілік соғыстың үш майданына қатысқан айрықша тұлға. Алғаш 1939 жылғы Фин соғысында болыпты. «Финляндия мемлекеті – қызыл әскерге орасан қарсылық көрсетіп, соғыста дереу тоқтата алған ел», деп еске алатын ол майдандағы жағдайды інілеріне айтқан кезде. – Бұл Финляндияның ұтымды бір шешімі болды. Біздің әскер атысты тоқтатып, келісімге келді. Финляндияның бұзылмай аман қалуы басшыларының ақылдылығынан болса керек...». Осылай деуші еді жарықтық.
29 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстың ел естімеген, ескерілмеген оқиғаларының әлі де аз емес екеніне шүбә жоқ. Соғыстан – батыр атанғаны да, басқасы да ауыр да, азапты жолдан өтті. Әсіресе тұтқынға түсіп қалғандар тозаққа бергісіз күндерді бастан кешірді, елге келген соң да оларды өкімет басынан сипай қойған жоқ. Жалпы, осы естелікті жазуыма әкемнің басынан өткен бір оқиғасы түрткі болды.
29 Сәуір, 2025
Әлемдегі ең үлкен жүзу бассейні – Чилидегі Сан-Альфонсо-дель-Мар курортында салынған. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады, ал ең терең жері – 3,5 метр.
29 Сәуір, 2025
Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 83 км жерде Жезді өзенінің сол жақ жағалауындағы Басқамыр қалашығынан табылған.
29 Сәуір, 2025
Ұландықтар үш баланы өрттен құтқарып қалды
Қарағанды облысында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері ерлік танытты, деп жазады Egemen.kz.
28 Сәуір, 2025
Маутинбайктан қоржынға қос күміс түсті
Маутинбайктан Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты дода – Қытайдың Гуйчжоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
28 Сәуір, 2025
«Абай жолын» алғаш оқығанда...
Биыл хакім Абайдың өмірге келгеніне 180 жыл толды. Ақылы мен даналығы жұрттан асқан аға сұлтанның баласы заманынан озып туған тұлға ретінде ұлықталып келеді. Тек қазақ жұрты ғана емес, күллі әлем әдебиетінде өзіндік орыны бар Абай Құнанбайұлының өмірін суреттеген «Абай жолы» эпопеясы кітап болып жарыққа шыққаннан бері оқырманның қолынан түспей, жыл сайын биіктеп келеді. Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда әр адам әртүрлі күй кешкен болар?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен, сөйлетіп көрелік. Бұл туралы жазушы Ділдәр Мамырбаева әңгімелестік.
28 Сәуір, 2025