26 Қаңтар, 2017

Тараз туристерді тосады

654 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
ЭКС-1ПО-ТаразЕнді санаулы айдан ке­й­ін асқақтаған Астана тө­рін­де ЭКСПО-2017 ха­­лықаралық көр­­ме­сі бас­талады. Бұл ел та­ри­хын­дағы айтулы ке­зең бол­мақ. Тарихы тасқа тұнған шежі­ре­лі өлке Жамбыл облысының да халықаралық көрмеге қо­са­тын өзіндік үлесі бар. Мың­жыл­дықтардан тамыр тартқан та­рихи өлкеге шетелдік ту­ристердің де қызыға қарай­ты­ны рас. ЮНЕСКО тізіміне ен­ген бес тарихи ескерткіштен бө­лек, өз алдына шежіре шер­тетін нысандардың алатын орны бір басқа. Есте жоқ ескі замандардан бері ел мүдде­сі­не, ұрпақ ұлағатына қызмет етіп келе жатқан тарихи орын­дардың осы жолы да әлем мәдениетіне танылуына кең жол ашылмақ. Бүгінгі таң­да облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сан­дық көрсеткіштері 3365-ке жет­ті. Оның ішінде 741 тарихи-мә­дени ескерткіш мемлекеттік ті­зімге алынған болса, мұның 711-і жергілікті дәрежедегі, ал 25-і республикалық дә­ре­же­­дегі ескерткіштер. Сон­дай-ақ, 5 тарихи-мәдени ескер­т­­кіш­ ЮНЕСКО-ның Бү­кіләлемдік тарихи-мәдени мұ­раларының тізіміне алынып, халықаралық дәрежедегі ескерткіштер мәртебесін алып отыр. Ал қалған  2624 та­рих және мәдениет ес­кер­т­кіш­і алдын ала тізімге алын­ған. Облыс бой­ын­ша ЮНЕСКО-ның Бү­кіл­­әлем­дік мәдени мұралар ті­зі­мі­не енгізілген тарихи-мә­де­ни ескерткіштердің қата­рын­да ортағасырлық Қостөбе қа­ла­шы­ғ­ы (VI-XII ғғ.), Ақыртас ке­шені (VIII-XIV ғғ.), орта­ға­сырлық Өрнек қалашығы (VIII-XII ғғ.), ортағасырлық Құлан (VI-XIII ғғ.) қалашығы, жә­не ортағасырлық Ақтөбе (Баласағұн) (VI-XIII ғғ.) қа­ла­шы­ғы бар. Ал алдағы ЭКСПО-2017 көр­месіне орай, өңірге мыңға тар­та турист келеді деп жос­парланып отыр. Осыған орай, облыстық Тарихи-мә­де­ни ескерткіштерді қорғау жә­не қалпына келтіру дирек­ция­сы­ның директоры Сейітжан Ілияс Жамбыл облысында ор­на­ласқан 34 тарихи-мәдени ес­кер­ткіштің өңірлік туристік кластерді дамыту мен келген туристерді аралату нысаны ретінде алынып отырғанын айтады. Олардың қатарында  көне VI-XIII ғасырларға жататын Құлан қалашығы, VIII-XII ғасырларға жататын Меркі, Өрнек қалашықтары, VI-XIII ғасырларға жататын Ақтөбе (Баласағұн) қалашығы, сонымен қатар, Ақыртас, Қостөбе, ежелгі Тараз қалашығы, Тө­мен­гі Барысхан қалашығы, Түймекент қалашығы, Охқум қалашығы, Жалпақтөбе қа­ла­шығы, Бабаджа хатун маза­ры, Беріққара қорымдары, Тә­ңірқазған мен Бөріқазған тұ­ра­қ­тары, Айша бибі, Қарахан мен Тектұрмас кесенелері және өз­ге де тарихи-мәдени нысандар бар. Қазіргі таңда облыста бұл ескерткіштердің айналасына жол салу, олардың бағытын көрсететін тақтайшалар мен бан- нерлер ілу сияқты жарнамалық жұмыстар жүргізілуде. – Елімізге ЭКСПО-2017 қарсаңында келетін туристер­ге жеріміздің көрнекті та­рихи-мәдени орындарын таныстыру үшін жасалып жатқан іс-шаралар тиянақты түрде орындалуда, – дейді Сейітжан Рысбекұлы. Аталған көрме елдің елдігін, ұлт­тың ұлттығын танытып қана қоймай, еліміздегі көне шаһарлар мен ескерткіштерді  паш етіп, әлемнің одан әрі қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше