Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдік бітімгершіліктің орталығына айналып келе жатқан ел. Кеше ғана Астанада алты жылға жуық Сирияда жалғасып келе жатқан қантөгісті тоқтатуға арналып, бүкіл әлемнің назарын аударған келіссөздердің болуы соның бір айғағы. Бұл тарихи оқиға туралы еліміздің ішінде де, шет елдерде де оң пікір білдірушілер көп. Соның ішінде біз Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай САБИЛЬЯНОВТЫ әңгімеге тартып, осы оқиға туралы өз ойын айтып беруін сұраған едік.
– Құрметті Нұртай Салихұлы, Ресей мен Түркия сияқты мемлекеттер басшыларының Сириядағы кикілжіңге тура және жанама түрде қатысушылар делегацияларының келіссөздерін өткізу үшін басқа емес, нақ Қазақстан астанасын таңдауларына не себеп болды деп ойлайсыз?
– Бұл мәселе алдымен Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін ашып айтуымыз керек. Астана процесі – Елбасының әлемдік деңгейде танылған беделінің бір көрінісі. Біздің Президентіміз адамзат ой-өрісінің дамуы, өркениеті шырқау шегіне жеткен ХХІ ғасырда қантөгістердің, тіпті, түрлі дәрежедегі кикілжіңдердің болуы абсурд екенін барлық биік мінберлерден үнемі айтып келеді. Бүгінгі күні адамзат барлық күш-жігерін жақсы өмір, жайлы тұрмыс құруға ғана бұруы керек. Барлық мемлекеттердің басшылары өз халықтарын осы мақсат жолына жұмылдырғаны жөн. Қазір бұған қажетті геосаяси және экономикалық жағдайдың қалыптасып отырғанын Нұрсұлтан Әбішұлы айтудай-ақ айтып келеді.
1991 жылдың аяғына дейін бүкіл әлем екі бірдей бақталасқан жүйеге жарылып тұрды. «Қырғи-қабақ соғыс» саясатын ұстанып, бір-бірін аяқтан шалуға тырысқан екі жүйе экономикаларын құлдырату үшін түрлі қитұрқы әрекеттерге барды. Соның ішінде қару-жарақтың неше түрін ойлап тауып, қарсыластарының да соны жасау жолында миллиардтаған милитаристік бос шығынның астында қалуын қалап тұрды. Әлемді қақ айырып, ұсақ мемлекеттерді бір-біріне айдап салып, соғыстырып немесе бір халықты екіге бөліп, бір-бірін ата жауларындай көретін елдерге айналдырды.
Ал қазір ондай қиюласпайтын текетірес жоқ, сондықтан, адамзаттың ахуалы мен оны қоршаған әлемнің жақсаруы жолында бірлесе әрекет етуіміз керек қой деген сөздерді Нұрсұлтан Әбішұлы алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен 1992 жылғы 5 қазанда-ақ айтқан болатын. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құру идеясын да сол 47-сессия мінберінен алға тартқан. Міне, сол уақыттан бері Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің темірқазығынан айнымай, Азиядағы ғана емес, бүкіл әлемдегі тыныштық пен тұрақтылық жолында күресіп келеді. Бұл бағыттағы Елбасының іс-қимылдарын тізіп шығудың өзі үлкен әңгіме болар еді. Қазақстан басшысының бұл әрекеттерін әлемдік саясаткерлер, мемлекет басшылары, сарапшы мамандар көріп отыр. Сондықтан да, үнемі үмітті қадамдар туатын Қазақстанның қасиетті топырағында, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елінде осындай келіссөздердің өтуін Режеп Ердоған мен Владимир Путин тектен-тек қаламаса керек.
– Дұрыс айттыңыз, бірақ осы біздің Президентіміз көретін бейбіт мақсаттағы дүниелерді өзгелердің көрмейтін себебі неде?
– Меніңше, бәрі де көреді, бірақ соны жан-дүниесімен қалап, іске асыруға ұсақ себептер мен жеке амбициялар жібермейді. Өйткені, мемлекеттер басшыларының бәрі де «ет пен сүйектен жаралған адамдар», тумысынан дара туған адамдардың өкімет басына келуі – сирек кездесетін оқиға. Кейбіреулер өкімет басына тіпті, кездейсоқ, бір оқиғалардың аяқ астынан туған себебінен келіп қалатын жағдайлары да кездеседі. Егер барлық елде жастайынан үлкен дарыны танылған адамдар ғана өкімет басына келсе, жағдай мүлде басқаша болар еді. Кездейсоқтық кейде жеке адамдар өміріне ғана емес, тұтас мемлекеттерге де, қала берді әлемге де зиянын тигізіп жатады.
– Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның жолы болды деп айтамыз ғой?
– Әлбетте. Оны қазақстандықтар ғана емес, «сырт көз – сыншы» дейтін барлық әлемдік саяси сарапшылар мен мамандар да айтады. Бұл енді қазақ халқының да кеңпейіл ниетіне берілген Алланың үлкен сыйы болды. Дәл елең-алаң кезеңде, Н.Чернышевскийше айтқанда, «Не істеу керек?» деген дағдарысты шаққа тірелген уақытта Нұрсұлтан Әбішұлының саяси күш-жігері, ақыл-ойы әбден толысып, дер шағына дөп келуінің өзі кездейсоқтық емес. Сол кездің өзінде ол Қазақстан тұтас мойындайтын жеке-дара озық тұлға, көреген көсем ретінде танылған.
Қызыл империяның тарауымен шашылудың аз-ақ алдында тұрған елімізді шашау шығармай құрастырып, қиюы келген беделді мемлекетке айналдырды. Содан бері Қазақстан үнемі өзгерістер мен толысулардың үстінде. Қазақстандық истеблишменттің бірнеше буынының еңбегін Елбасы еліміздің көркеюі жолында үнемділікпен жұмсап келеді.
– Біз әңгімеміздің негізгі тақырыбынан біршама алшақтап кеткендейміз... Сирия дағдарысы бойынша Қазақстанда өткен келіссөздерден кейін еліміздің беделі арта берері сөзсіз. Дегенмен, оны қаншалықты нәтижелі болды деп айта аламыз?
– Астана процесінің басты нәтижесі сол, бұған дейін бір үстел басына отырып көрмеген қарама-қарсы ұстанымдағы топтардың осындай қадамға баруы. Әзірше осының өзі үлкен табыс. Елбасының әлемдік деңгейдегі биік беделінің нәтижесі. Ал Сириядағы дағдарыс бір, тіпті, бірнеше келіссөздермен аяқтала қоймайды. Себебі, жанжалдасушы тараптардың ұстанымдары мүлдем кереғар. Сондықтан, әйтеуір оқ ату тоқтатылып, келіссөздер жалғаса берсін деген тілектеміз. Тек осы әдіспен ғана тыныш өмірге қол жеткізуге болады. «Жаман бейбітшіліктің өзі соғыстан жақсы» деген ғой даналар. Осыған жағдай туғызған Қазақстан басшылығына алдымен Сирия халқы, сосын бүкіл мұсылман әлемі, қала берді барша дүние жүзінің прогрессивті адамзаты алғыс айтары сөзсіз. Бұл Қазақстан беделінің арта түсуіне де ықпалын тигізеді, әрине. Сонымен бірге, келелі кеңестің кемел ойлар туып жататын Қазақстанда өтуі де барлық тараптарды қанағаттандырғаны олардың өз сөздерінен белгілі болды. Сондықтан, қандай нәтиже болса да текетіреске түсушілерді бір үстелдің басына отырғызып, ортақ мәселені талқылатқанымызды үлкен жетістік деп есептеймін.
Әңгімелескен
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан»
• 26 Қаңтар, 2017
Астана процесі: Елбасының әлемдік биік беделінің нәтижесі

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025