Бүкіләлемдік қоғамдастықтың назары тағы да біздің елімізге ауды. Қазақстан жаңа 2017 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде бастады. Бұл Елбасымыздың Еуразиядай алып құрлықтың басты бейбітшіл тұлғасы ретіндегі биік беделінің халықаралық деңгейде бағалануының нақты көрінісі ретінде қабылданды. Қазақстан басшысының тікелей араласуымен өткен жылы бүкіл әлемді алаңдатқан Иранның ядролық проблемасы ойдағыдай шешілді. Елбасымыз Украинадағы қантөгісті тоқтатуға да өзінің үлкен үлесін қосты. Ресей мен Түркия президенттері Н.Ә.Назарбаевтың осы екі елдің ушығып бара жатқан қарым-қатынасын қалпына келтірудегі араағайындығы үшін аса зор алғыстарын білдірді.
Кеше Елбасымыз өзінің тарихи Үндеуімен тағы да бүкіл әлемнің назарын Қазақстанға аударды. Елімізде Президентіміздің 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауынан кейін мемлекетті реформалаудың кезең-кезеңге негізделген жаңа үдерісі басталды. Мемлекет басшысының бүгінгі Үндеуін қазақ қоғамын жаңартып, жаңғыртудың заңды жалғасы деп білемін. Елбасымыз осы Үндеуі арқылы Қазақстан Республикасының тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді.
Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын өз қолымен қалап қана қоймай, оны осы жылдар ішінде орын алған бірнеше бүкіләлемдік дағдарыстардан аман алып шығып, әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдырды. Біз тәуелсіздіктің ширек ғасыры ішінде ешбір әсірелеусіз ғасырларға бергісіз даму мен өсіп-өркендеудің жолынан өттік.
Тәуелсіздік алған кезде коммунистік жүйеден еншімізге бар болғаны мешеу шаруашылық, қараусыз қалған зауыттар, қаңыраған ауылдар, жабылған дүкендер, жаппай жұмыссыздық және тұралаған экономика тиді.
Ал бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік тұрақтылықты ту еткен қуатты мемлекет ретінде таниды. Ең бастысы, Қазақстан ширек ғасырда бейбітшілік пен келісім салтанат құрған көп ұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, республикамызға миллиардтаған инвестициялар тартылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымыз бен Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы да соның айқын дәлелі.
Президент еліміздегі ең басты мәселелерді шешумен қатар, мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын да қарқынды жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстанда кәсіби Үкімет, қуатты Парламент және тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Олар қазірдің өзінде сенімділігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерген мемлекеттік аппараттың «тежемелік және теңгермелік» жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан Елбасымыз атап өткендей, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі ел дамуының заңды және жүйелі кезеңі болып табылады.
Бұл батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін де ерекше атап өткен жөн. Соған қарамастан, Қазақстанда халықтың бірлігі мен тұрақтылығына, мемлекеттік билік тармақтарының реттілігі мен үйлесімді жұмысына, азаматтар құқығының сақталуына, мемлекеттік шекарамыздың беріктігі мен еліміздің қорғаныс қабілетінің конституциялық қорғалуына кепілдік беретін күшті президенттік билік сақталады.
Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде қабылдаған жаңа тарихи шешімі қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды дамудың нақты дәлелі деп білемін. Бұл – еліміздің Президент айқындаған «Қазақстан-2050» бағдарламалық құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттарға адалдықтың айқын көрінісі. Мен Елбасының жаңа бағытын: күшті президенттік билік – кәсіби Үкімет – жауапты Парламент – тәуелсіз сот жүйесі – ашық қоғам деп қарапайым түрде түсіндірер едім. Осының бәрін Қазақстан мен оның әлем таныған Елбасының өзіне және болашаққа нық сенімінің көрінісі деп бағалаған жөн.
Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД,
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының
бірінші орынбасары
------------------------------------------------------------------------
Әмина ҮРПЕКОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:
– Бірінші кезекте атап өтер жайт, бүгін біз аса маңызды тарихи оқиғаға куә болдық. Елімізді дамудың даңғыл жолына бастауда Елбасымыздың бұл Үндеуі өте маңызды деп санаймын. Президенттің тарапынан айтылған Үндеудің экономикалық және саяси тұрғыдан өте жоғары мәнге ие екендігін атап өткім келеді. Бұл халқымызды баянды болашаққа жетелейтін қадам болып табылады.
Ерлан САИРОВ,
саяси ғылымдар кандидаты:
– Біз Мемлекет басшысының халыққа арнаған Үндеуін мұқият тыңдап шықтық. Бұл бүгінгідей жаңарып, жаһанданған әлемге қатысты жаңа көзқарасты білдіреді. Біз шынайы саяси реформалардың қарсаңында тұрмыз. Мұны Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейту бағытында жасалған нақты қадам деп білеміз.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының басқарма мүшесі:
– Қазір өзгеріп жатқан әлемде Қазақстан да заман талабына сай жаңарып келеді. Әсіресе, асқан нәзіктікті қажет ететін мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше теңестірілген жүйеге ауысу мәселесін Елбасымыз өте орынды әрі дер кезінде көтеріп отыр. Бұл – осы заманғы, қазіргі күннің шынайы келбетіне сай жасалған қадам. Сонымен қатар, мұндай шешім Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті күшейте отырып, Үкіметтің ел алдындағы әлеуметтік-экономикалық салаларға деген жауапкершілігін арттырады. Ал Парламент кең ауқымды жүйеде бақылау мен қадағалау құзыретіне иелік еткені жөн.
Бауыржан ТӨЛЕГЕНОВ,
«Саясат» интернет-басылымының шеф-редакторы:
– Президентіміздің мәлім еткен бұл мәлімдемесі әлемдік ауқымда мейлінше бейімдеуге бағытталған. Мұнда құзыреттілікті тиісті деңгейде бөлу арқылы саяси тұрғыда жағдайды екшеп, басқару тетігін реттеу көзделеді. Қалай дегенде де, бұл жаңашылдық біздің еліміздегі мемлекеттік басқару ісін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Болат БАЙҚАДАМОВ,
Еуразиялық сарапшылар желісінің тең төрағасы:
– Президенттің бүгінгі халық алдында жасаған мәлімдемесі қоғамның, мемлекеттің алдында тұрған көптеген мәселелерге толыққанды жауап берді. Мәселе, бірінші кезекте, билік тармақтарының, атқарушы билік, өкілетті билік және президенттік билік арасында шынайы тепе-теңдікті орнату туралы болып отыр.
Нұрсұлтан АХМЕДИЯ,
«ПАРАСАТ» жүйелі зерттеулер институтының директоры:
– Мемлекет басшысының бүгінгі мәлімдемесі ерекше оқиға болып табылады. Онда айтылған конституциялық реформалар біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін қағидатты маңызға ие. Сонымен қатар, оны еліміздің дамуының жаңа сапалы кезеңге аяқ басқанының дәлелі деп санаймын.

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025