26 Қаңтар, 2017

Әлем ғылыми прогресс алдында тұр

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-01-DSC_4829+Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеттің» медицина мектебінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шара барысында Қазақ­стан Пре­зи­денті бейінді білім берудің заманауи та­лаптарына толықтай сай келетін меди­цина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар­баев оқу­шы­лармен және педагог­тармен кездесті. Әңгімелесу барысында Ел­басы қазіргі уақытта әлемнің медицина мен биология сала­сын­дағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті. – Жаңа медицина мекте­бінің жаб­дық­талуын, оқы­ту деңгейін әлемнің үздік универ­ситеттерімен салыстыруға болады. Сон­дықтан мен өздеріңізден үл­кен жаңалықтар күтемін. Сіз­дер­дің зерттеулеріңіз, зерт­хана­лық мүм­кіндіктеріңіз, оқы­ту­шы­лардың ғылыми әлеуеті сыр­қаттың ең күрделі түрлерін ем­деудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа универ­ситеттерді ілгері жетелейтін негізгі ба­залық оқу орны ретінде құрылды, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Қазақстан Пре­зи­денті XXI ғасырда ақпа­раттық техно­логиялармен қатар, медицина мен биологияның да алдыңғы орынға шығып отыр­ғанын айтты. – Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаңа­лықтар олардың тоғысуынан пайда болады. Осы оқу орнының қабырғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Елбасы жинал­ған­­дарды оқу орнының жаңа ғи­ма­ратының ашылуымен құт­тық­тап, алға қойған мақсат­та­ры­на жетуіне тілектестік біл­дірді. Медицина мектебінің ғима­раты 9 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 39 825 шаршы метр. Онда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, лекция залдары мен топтық сабақ алуға және кеңсеге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана бар. Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды
Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше