Ел дамуындағы елеулі кезең деп тек тамырымыздың алтын бесігі, жұрттың қорек-несібі, әрқайсымыздың тізгін тартып, киелі босағасы мен табалдырығын ашар есігіміз ауыл әкімдігіне қаржы бөлу мәселесі алдағы жылы өз шешімін табатын болды.
Бұл Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадамының» 98-қадамында: «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады», деп айтылып, «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Жолдауында 2018 жылдан бастап жүзеге асырылатыны тайға таңба басқандай көрсетілген еді. Соған байланысты өткен аптада ел ішінде болып қайтқан Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап бірінші оқылымда қабылдады.
Шыны керек, ауыл әкімдері бұрын да құралақан отырған емес. Миллиардтап болмаса да ауыл халқының талап-тілегіне орай миллиондап қаржы беріліп келгені белгілі. Әкім болған жұртына жақын болсын, бар-жоғын жаяу жүріп түгендемей, көлікпен барып білсін деп, жүргізушісі жанында «Нива» мінгізгелі де біраз уақыт өтті. Бұл қамқорлықтарды тиімді пайдаланып, сенімнен шықсам, қоңыр төбел тірлікті жандандырсам деп күндізді қойып, түн қатқандар да, ескі «жырды» естен шығара алмай берген теңгені тендердің «тепкісіне» салып, таудай істі тарыдай шашып алғандар да табылып, талайының басы дауға қалғанынан да хабардармыз. Қызметтік көлікті ауыл мен аудан арасындағы жиындарға мінумен шектелгендер де табылды.
Кейбір тізгін ұстаған азаматтар ел ішіндегі Елбасының өкілдері екенін аңғара бермейтін де секілді. Себебі, көп жағдайда бишік менің қолымда деген кейіп танытып қалады. Осы арада мына бір ойды ортаға сала кетсек дейміз, ол – қазақ «жалқау» деген сөз. Әрине, бес қол бірдей емес, ел болған соң аласы да, құласы да болады, бірақ, ондайды ел жақсылары шетке қақпай, қоғамға қосып, қатарға тартқан. Иә, қазақ – үлкенін сыйлаған, басшы болар адамының алдын қиып өтпеген жұрт. Үлкені үйіріп әкетіп, бас болар басшыға лайық жасты қолтығынан демеп отырған. Ұйымдастыра алса, ұйытқылық танытса қазақтай еңбекші халық жоқ. Кетпен ұстаған Ыбырай Жақаев пен таяқ ұстаған Жазылбек Қуанышбаев, тізгін мен шылбырды тең тартқан Нұрмолда Алдабергеновтердің өнегелі өмірі сөзімізге дәлел болары хақ. Ұлттық менталитетімізге үңілсек те алдағы айтқан қасиеттерді көруге болады. Мәселе – ұйытқы болуда.
Сөйтіп, алдағы жылдан бастап біртіндеп ауылға ақша барады. Тоқыраған іс ілгері жылжып, сапырылысқан ішкі көші-қон саябырсиды деген үміттеміз. Ол үшін ауыл әкімдері сергек қимылдап, серпілуі, бұрынғы тәсілді тәрк етіп, жаңаша ой-сана қалыптастыруы тиіс. Қолға тиген қаражатты қожыратпай, желге ұшырмай ел мүддесіне пайдалануы керек. Бұл қамқорлықты халық сезініп отыр. Талап күшейеді. Соны алдын ала аңғарған Мәжіліс депутаттары да өздерінің тұжырымдарын алға тартуда. Бөлген қаржыны ауыл әкімдері пайдалана ала ма, әлде қалай деген күдіктерін айтып қалуда. Жауапты жұмыстың басталуына 11 айдан сәл асатын уақыт қалды. Осы мерзімде жергілікті жердегі әкімдердің бәрі бірдей жақсы істі жандандырып әкете ме? Әлде үйлестіре алмай ұтылып қала ма? «Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылдының» кебін кие ме? Оның үстіне бюрократтық кедергілерден арыла алмай келе жатқанымыз да ақиқат. Облыс әкімі келеді десе, кейбір аудан әкімі ол жүретін жолды тазалап, жақсы жерді көрсетуге тырысады. Ал аудан әкімі келеді десе ауыл әкімі құрақ ұшады. Осы жасандылықтан құтылып, бар мен жоқты алақандағыдай түгендесек нұр үстіне нұр. Егер бір саты жоғары отырған төмендегінің төбесінен нұқып, менің айтқаным болады деп үстелді тоқпақтаса, жақсы істің жарасым табуы екіталай. Бір сөзбен айтқанда, іскер, адал, халыққа қызмет ететін азаматтар жергілікті әкімдіктің абыройын асырмақ. Жоғарыдағылар үшін күлшелі баланың күнін кешіп, бағыныштысының айтқанын екі етпейтін жалтақ жандар бұл істі аяғына жеткізе алмасы анық. Біз мұны неге айтып отырмыз, Елбасы өзінің «Ұлы Дала ұлағаттары» атты кітабында көптеген азаматтар әдемі жұмысты дүрілдетіп бастап «...сосын уақыт өте келе істің аяғын сұйылтып, тіпті әрі-беріден соң кейбір қажетті іс-шаралардың ізіне су құямыз», деген еді. Ендеше, келесі жылы ауыл жұртының хал-ахуалын көтеруге бөлінетін қаржының жұмсалатын жерін қазірден нақтылап, жоба жоспарын тиянақтасақ ұтылмасымыз анық. Жалпы, бұл мыңдаған ауыл әкіміне сын болғалы тұр. Сыннан сүрінбей өту азаматтардың мойнындағы қарыз бен парыз деп білеміз.
Сүлеймен
МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025