Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
985 материал табылды

Жәдігер • 14 Наурыз, 2024

Күйік ханның хаты

Күйік хан (Гүюг хан) – Шыңғыс қаған негізін қалаған көшпелі Моңғол империясының үшінші ұлы ханы һәм Өгедейдің тұңғыш ұлы. 1246–1248 жылдары тақ иесі атанған. Бұл тұлға туралы атақты саяхатшы, моңғол үстіртіне тұңғыш табаны тиген еуропалық әрі ханды көзімен көрген италиялық діндар Плано Карпини «Liber Tatarorum, Liber Tatarorum» («Татарлар туралы жазба») атты естелігінде: «Күйік орта бойлы, қулық-сұмдыққа жетілген, ақылы ұшқыр, тәкаппар адам» деп жазыпты.

Ұлттық спорт • 05 Наурыз, 2024

Көкпар және көкпар аты

Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеушілер, «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезінде «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.

Жәдігер • 04 Наурыз, 2024

Ұлу бейнеленген саптыаяқ

Жуырда Ұланбатыр қаласына барған сапарымызда шаһардағы – кітапханаларды аралап, ондағы жаңадан баспа бетін көрген тың туындылармен таныстық. Соның бірі – Еуропадағы Парис Нантер уни­верситетінің оқытушысы, ғалым, орта­ғасыр­лық көшпелілер тарихының білгірі Мари Фа­вэру­дің өткен жылы моңғол тіліне аудары­лып жарық көрген «Алтын Орда» атты кітабы.

Жәдігер • 19 Ақпан, 2024

Құнды деректер таныстырылды

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен ұлт-азаттық күрестің символына айналған Кенесары Қасымұлының ісін жалғастырушы және оның тікелей ұрпағы Жапар сұлтанның өмірі мен іс-әрекетіне қатысты жинақталған «Жапар сұлтан: құжаттар мен материалдар» атты деректердің таныстырылымы өтті.

Зерде • 15 Ақпан, 2024

Жошы ұлысы және қыпшақтар

Моңғолдардың 1219–1224 жылдардағы Хорезм жорығының нәтижесінде Ертістен Жетісудың батысы, Сыр бойы, Үстірт, Әзербайжан, Грузия, бүкіл Қапқаз, қазақтың Сарыарқасы, Еділ, Дон, Дунай, Азаулы бойы, кейін, 1238–1240 жылдары бүкіл Русь жері Киевпен қоса, Болгарияға дейінгі алып аймақ Жошы ханның иелігіне өтіп, әлемде «Жошы ұлысы» дейтін үлкен империя пайда болды.

Пікір • 14 Ақпан, 2024

Білімнің кілті – тәрбие

Ұлы ойшыл, ғұлама әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы деген» екен. Осыған қарағанда, білімнің өзегі – тәрбие екені анық. Яғни күллі адам баласына ортақ жақсы қасиет­тер­ді жас буынның толық бойына сіңірмей тұрып, берген білім қураған ағаш сияқты ешқашан жеміс бермейді.

Жәдігер • 08 Ақпан, 2024

Ғұндар кешені

Ақын Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегендей, біздің ежелгі ата-бабамыздан қалған мұра көп. Күллі Еуразия даласында ғұндарға тән 13 қорған-кешен болса, осылардың 9-ы моңғол даласында екен. Ішіндегі ең көлемдісі әрі өте құнды жәдігерлер табылған нысан – Ноин Ула кешені. Бұл жерден табылған тарихи жәдігерлер дүниежүзілік археологияға зор төңкеріс әкелді. Биыл осы жаңалықтың ашылғанына 100 жыл толып отыр.

Мереке • 07 Ақпан, 2024

Алаш қадірлеген Наурыз

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaq­stan» газетіндегі сұхбатын­да: «Наурыз – жаңару мен жаңғы­ру­дың символы. Сон­дықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барын­ша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек», деп айтқан еді.

Жәдігер • 28 Қаңтар, 2024

Ежелгі ертоқым

Жуырда Еуропадағы көне білім ордасы Кембридж университетінің жанынан шығатын «Antiquity Journal» атты антикалық жәдігерлерді насихаттайтын беделді басылым бірнеше жыл бұрын Моңғолияның батыс өлкесі – Қобда аймағы жерінен табылған «ежелгі ерді» қазіргі таңдағы әлем археологиясының зор жаңалығы деп жариялап, суретші П.Лопес Калле оның сызба реконструкциясын жасапты.

Жәдігер • 25 Қаңтар, 2024

Ғұн дәуірінің мөрі

Жуырда Ресей Федерациясына қарасты Бурятия Республикасы аумағынан ғұн дәуірінде қоладан құйылып, табанына ат үстіндегі шабандоз бейнесі бәдізделген мөрлер табылды.