
Таным • 29 Сәуір, 2025
Мына бір әңгіме М.Әуезов атындағы Әдебиет өнер институтының қорында сақталыпты. Сілтемесі – Қ.866, 2-3 дәптер. Жазбаны қорға 1976 жылы айтыскер ақын, әнші, өнертанушы һәм Қазақстаның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсеков (1900-1978) деген адам тапсырыпты.
Таным • 29 Сәуір, 2025
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 28 наурыз күнгі № 62 (6567) санына екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының «Серігім» атты жоқтау жыры жарияланыпты.
Архив • 12 Сәуір, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған заңғар жазушы Ілияс Есенберлин шығармашылық жолын поэзиядан бастаған. Алғашқы дастаны 1945 жылы «Айша» деген атпен жарық көрген. Ілекең бұл туындысын қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға арнап жазған екен.
Тарих • 09 Сәуір, 2025
Жақында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттігіміздің негізі сонау мыңжылдықтардан бастау алып жатқанын, оның тамыры мен тарихы аса терең екенін көпшілікке ескертіп, халқымыздың «қазақ» деген этностық атауы да бір ғасыр бұрын қайтарылғанын еске салған болатын.
Таным • 08 Сәуір, 2025
«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдық энциклопедияның бірінші томында: «Бүркіт – қолға үйретіп, аңшылық кәсіпке баулыған қыран құстың бір түрі» деген анықтама беріліпті.
Наурызнама • 22 Наурыз, 2025
Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен тағлымы хақында көп жазылып жүр. Десек те әлі бірізділік байқалмайды. Өйткені бұл мейрамның ғұрыптық негізінің әуелгісі, қара жердің бауыры жібіп, тоңы еріп, жеті қат терең өзегіне нәр жүгірген сәті болса, екінші маңызы – күн мен түннің теңелуі.
Жәдігер • 21 Наурыз, 2025
Түркия Республикасының ірі тарихи-мәдени орталығы Ыстанбұл қаласында «Түрік және ислам өнері» атты музей бар. Оның іргетасы 1914 жылы қаланыпты. Бұл мекеме қорында, ислам руханиятына қатысты 17 000-нан астам қолжазба мұра (құран және үзінділері), мыңдаған құнды тарихи жәдігер сақталған. Соның бірі – атақты Қайтпай сұлтан қолданған мыс астау.
Наурызнама • 19 Наурыз, 2025
Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №3 балалар кітапханасы ұжымының ұйымдастыруымен «17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай танымдық, этнографиялық сабақ өтті.
Наурызнама • 18 Наурыз, 2025
Жақында Арқаның сұлу мүсін Көкшетауының баурайы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық бірегейлігімізді нығайту жолында мәдениет саласы айрықша рөл атқарады. Әсіресе төл мәдениетіміздегі әз-Наурыз мейрамының орны бөлек. Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді. Еліміз Ұлыстың ұлы күнін 14 наурыздан, яғни Амал күнінен бастап, он күн бойы атап өтетін болды. Әр күнге нақты атау берілді. Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады», деген болатын.
Балалар • 17 Наурыз, 2025
Астанада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №3 балалар кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай этнотанымдық сабақ өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.