Салық
Қоғам • 26 Қараша, 2025
2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық төлейтін кәсіп иелеренің тізімі жарияланды
Үкімет өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің жаңа тізімін жария етті. Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Ипотека • 25 Қараша, 2025
Ислам ипотекалық қаржыландыруды тежеген салық шектеулерінің беталысы қандай?
Үкімет Президенттің тапсырмасын орындай отырып, ислам банкингін енгізуді жеделдете отырып, құрылыс компаниялары мен ипотекалық бағдарламаларды қолдауға 500 миллиард теңге бөледі, деп жазады деп жазады Egemen.kz
Заң • 25 Қараша, 2025
Салық төлемегені үшін 4 жылға сотталды
Қызылордада кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Шетелдік бизнесмендер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылады
Қазақстандағы герман экономикасы одағының (VDW) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында конференциясы өтті. Іс-шараға жүзге жуық бизнес өкілдері, консультанттар мен заңгерлер жиналды.
Бизнес • 18 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер мемлекеттен салық жеңілдігін жасауды өтініп отыр
Қазақстанның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі (КҚҚУ) Қанат Нұров Сенат Төрағасы М.Әшімбаевқа салық салудың жалпыға бірдей белгіленген салық режимі субъектілерге жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатын субъектілерден алынған тауарлар бойынша КТС шегерімдерін есепке жатқызуға тыйым салуды (жаңа Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағы) түзету жөнінде ұсыныстар жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
Салықтан жалтару: жеке кәсіпкерлер электромобильдерге арналған квотаны өз пайдаларына жаратқан
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мен Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің өкілдері электромобильдерге арналған бажсыз квоталарға қатысты мән-жайды, сонымен қатар қайта өңдеу алымы жүйесінде қандай өзгерістер орын алатынын талқылады.
Экономика • 14 Қараша, 2025
Тимур Сүлейменов: Салық және бюджет реформалары инфляцияны төмендетуге көмектеседі
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресі барысында салық және бюджет реформалары Қазақстандағы инфляцияны төмендетуге көмектесетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Еліміздің қай өңірлерінде жеңілдетілген салық мөлшерлемесі төмендетілді?
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәслихаттарды салық мөлшерлемелері бойынша шешім қабылдауды жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексі такси жүргізушілеріне қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап күшіне енетін салық реформасы Taxi Forum Kazakhstan 2025 пленарлық алаңында талқыланды. Енді жаңа ережелер такси тарифтерін бірнеше есе өсірмейді, алайда инфляция мен салық талаптарының өзгеруі жол жүру құнының біршама қымбаттауына ықпал етуі мүмкін. «Атамекен» ҰКП форумда бизнес үшін оңтайлы шешім табудың маңызын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Алматыда кәсіпкерлерге салынатын салық азая ма?
Жаңа Салық кодексі (2026 жылы күшіне енеді) шеңберінде елімізде жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Сол орайда Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтеріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 12 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексінің маңызы неде?
Сенат депутаты Нурия Ниязова Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері, магистранттары мен докторанттарына арналған кәсіби және тұлғалық дамуға бағытталған «Даму күні» жобасы аясында дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 05 Қараша, 2025
Мұнай компаниялары миллиардтаған теңге қосымша салық төледі
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мұнай өндіруші компаниялар ел бюджетіне миллиардтаған теңге қосымша салық төлеген, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 03 Қараша, 2025
Қараша айында қазақстандықтар қандай салықтар мен есептер тапсыруы керек
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы қараша айында төленуі және тапсырылуы тиіс салықтар мен есептіліктер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 02 Қараша, 2025
Келесі жылдан бастап кімдер салықты аз төлейді
Елімізде көлік пен мүлік салығына қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Қазан, 2025
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға жаңа арнайы салық режимі енгізіледі
2026 жылдан іске асырылатын бұл норма жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтын курьерлерді, такси жүргізушілерін, қолөнершілерді және басқа да мамандарды жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетінен босатады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 17 Қазан, 2025
Жаңа Салық кодексі кезең‑кезеңімен енгізіледі - Мәди Такиев
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев жаңа Салық кодексінің енгізілуі кезең‑кезеңмен, салық төлеушілер үшін жеңілдетілген тәсілмен жүргізілетінін атты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 17 Қазан, 2025
Ұлытауда кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі түсіндірілді
Ұлытау облысының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шара Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жаңа экономикалық саясат пен жаңартылған Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 29 Қыркүйек, 2025
Декларацияны жасырғандарға айыппұл салынады
Елімізде келер жылдан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа салық талабы күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2025
Үкімет арнайы салық режимдерін қолдану қағидаларын нақтылауда
Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің 718 және 723-баптарын орындау мақсатында екі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 26 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі: қандай бизнес түрлері оңайлатылған режимді сақтайды?
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін реттейтін құжаттарды талқылауға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Threads-тегі жұма күнгі толқын: халық үні ме, әлде сырттан жазылған сценарий ме?
Жұма күні Threads желісін ҚҚС-ты көтеруге қарсы посттардың ерекше толқыны жайлады. Әдетте ескі тақырып саналатын бұл мәселе дәл сол күні күтпеген жерден резонанс тудырды. Қысқа мерзімді бұл белсенділік көпшілікті таңғалдырды. Бізге де бұл құбылыс қызық болды. Өйткені бірқатар күдікті жағдай байқалды. Олар бұл құбылыстың шынайы еместін және қоғам пікіріне ықпал етуге бағытталған мақсатты манипуляция болуы мүмкін екенін көрсетті. Біз өз талдауымызды жасап, Қазақстандағы белгілі саяси және медиатехнологиялар саласының сарапшыларымен сөйлестік.
Заң • 24 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады
Арнайы салық режимімен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын, сондай-ақ бұл жеңілдік берілмейтін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің алдын ала тізбелері аптаның соңына дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі елдегі барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолданылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанадағы жаңа Салық кодексін түсіндіру жөніндегі семинарда мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 24 Қыркүйек, 2025
Серік Жұманғарин салық реформасы не үшін қажет екенін айтты
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 24 қыркүйекте Салық кодексін түсіндіруге арналған семинарда салық реформасын жүргізудің қажеттілігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 17 Қыркүйек, 2025
1 қазанға дейін мүлік салығын төлемесеңіз, өсімпұл қосылады
Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларға 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеудің соңғы мерзімі – 2025 жылдың 1 қазаны екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 17 Қыркүйек, 2025
Атырауда 8 млрд теңгені заңсыз иемденіп, салық төлеуден жалтарғандар сотталды
Атырау сотында жалған шот-фактуралармен арқылы 8 миллиард теңгені иемденген 3 күдікті қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Мексикада қатыгез видеойындарға салық салу ұсынылды
Мексика билігі зорлық-зомбылық элементтері бар видеойындарға арнайы салық енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама 2026 жылға арналған бюджет жобасына енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы қажет
Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, цифрландыру арқылы мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Салық қызметіне де жасанды интеллект енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында салық саласында жасанды интеллектіні қолдануды жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Трамп Украинаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін
АҚШ тек Ресейге ғана емес, егер бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Экономика • 18 Тамыз, 2025
Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салудың жаңа режімдері қолданысқа енгізіледі. Олар бұрынғыдан әлдеқайда қарапайым, икемді әрі түсінікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.