Соңғы жаңалықтар
Тағайындау • 06 Тамыз, 2025
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Павлодар облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы болып Гүлстан Темірова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Қызылорда облысында бірқатар медициналық нысан салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде қайтарылған активтер қаражаты есебінен әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 06 Тамыз, 2025
Атом электр стансасы жөнінде анық сөз
АЭС жобасы аясында реактор технологияcын жеткізушіні (вендорды) айқындауға ашық әрі бәсекелі диалог қолданылды. Әлемдегі жетекші реактор өндіруші компания басшыларымен келіссөз жүргізіліп, өндірістік нысандарға іс-сапар жасалды. Нәтижесінде ықтимал вендор шорт-тізіміне «Росатом», «China National Nuclear Corporation», «Électricité de France» және «Korea Hydro & Nuclear Power» кірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Суицидке бейім азаматтар әскерге қабылданбайды
Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдістемесі енгізіліп жатыр. Іріктеу PSY-суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтауға бағытталған тәуекелді әдістеме арқылы жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 06 Тамыз, 2025
Ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнамның «ROX Group» компаниясының жаһандық даму және инвестициялар жөніндегі директоры Ле Ан Дыкпен кездесу өткізді. Тараптар еліміздегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2025
Жаңғыртуға 2,5 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылып жатыр. Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желісін жаңғырту жұмысын аяқтауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңге бөлінді.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
«Қазсушар» 524 арнайы техника алды
Су ресурстары және ирригация министрлігі барлық өңірде «Қазсушар» РМК филиалдарын арнайы жаңа техникалармен қамтамасыз ету жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдыққа қол жеткізді.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Инватакси қызметі жетілдіріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 06 Тамыз, 2025
Вибке Шлёмер: Қазақстан – дамуға бейім мемлекет
Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) елімізбен көп жылдан бері серіктестік орнатып келеді. IFC-ның Түркия және Орталық Азия бойынша директоры Вибке Шлёмер бізге берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстандағы инвестициялық климат, мемлекет-жекеменшік әріптестік (МЖӘ), Транскаспий дәлізі мен болашағы зор салалар туралы ой бөлісті.
Қаржы • 06 Тамыз, 2025
Зейнетақы қорының көлемі артты
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары олар аударатын жарналардан, зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алынған инвестициялық кірістерден құралады. Барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақтардың жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі жүргізілген төлемдерді ескергенде 40,5%-ды құрады, жинақталған таза инвестициялық кірістің көлемі 12,18 трлн теңгеден асты.
Экономика • 06 Тамыз, 2025
2026 жылы бірнеше базар жабылуы мүмкін
Еліміздегі кей базарлар 2026 жылға дейін жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтегі баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 06 Тамыз, 2025
Елордадағы Ұлттық музейдің «Тарих» залындағы Абай бұрышында ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты жәдігерлер қойылған. Соның бірі – мына кітап.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
Аризонада медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Мүгедектік тобы сырттай да белгіленеді
Биылғы жылы мүгедектік тобын белгілеуге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде, қанатқақты жоба аясында барлық өңірден 61,9 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша іске асады.
Абай • 06 Тамыз, 2025
Жауынгерлер жүрегіндегі Абай өлеңі
Биыл ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы Жеңістің 80 жылдығымен орайласып тұрса, ақынның 100 жылдығы 1945 жылы дәл осы Жеңіспен қатар келген еді. Осы орайда, қазіргі буын біле бермейтін дүние – хакім тағылымы екінші дүниежүзілік соғысқа үлес қосқаны туралы.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
«Алтын алқалы» аналар неге азайып барады?
Үш баланы «бүтін» көретін қазақы болмысымыз «Неге алтын алқалы аналар азайып кетті?» деген сауалды ара-тұра алдымызға тартады. Мына алмағайып заманда бұл риторикалық сұрақ болса да, он шақты бала табатын аналар азайып, қалыпты жағдайға айналып бара жатса да, жауабын іздеп көрелік.
Абай • 06 Тамыз, 2025
Абайды оқу бір басқа да, тану бір басқа. Табыну бөлек әңгіме... Өйткені Ибрагим біз әлі түсінбеген, тілін білмеген, ескермеген, елемеген, ұқпаған, ұға алмай жүрген дүниелерді баяғыда қағазға түсірген екен.
Өндіріс • 06 Тамыз, 2025
«Ақсай Жуалы» зауыты іске қосылды
Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтудың алғышарты – өңірлерге ауқымды инвестиция тарту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы инвестицияны тартудың маңыздылығын қай кезде де назардан тыс қалдырған емес. Президент тапсырмасын жергілікті атқарушы билік өкілдері де қолдан келгенше сапалы жүзеге асыруға бекініп жатқаны даусыз. Жамбыл өңірінде де инвесторлар тарту арқылы өңір экономикасын арттыруға басымдық берілген. Бұл бағытта жауапты азаматтардың араласуымен біршама жұмыс атқарылып жатыр.
Туризм • 06 Тамыз, 2025
Әзербайжан Алакөлде туристік нысан салады
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алим Байелмен кездесу өткізді. Кездесуге Әзербайжан-Қазақстан іскерлік кеңесі төрағасының орынбасары, Түркі кәсіпкерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы Аслан Құнияров, сондай-ақ Әзербайжан инвестициялық холдингі мен Әзербайжан бизнесін дамыту қорының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сараптама • 06 Тамыз, 2025
Ипотека рәсімдеу – үйлі болу ғана емес, үлкен жауапкершілік. Қазір несие мөлшерлемелері жоғары, ал халықтың табысы тұрақты емес. Осындай жағдайда ипотекалық несиені қалай тиімді пайдалануға болады? Қайта қаржыландыру жасау жолдары қандай?
Форум • 06 Тамыз, 2025
Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі Үшінші конференциясы (LLDC3) аясында парламенттік форум ұйымдастырылып, оған Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов қатысты.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау мен дамыту болашағы қаралды. Сондай-ақ ана мен бала өлімін азайту мәселесі де күн тәртібіне шықты.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дами түсті. Бұл бағыттағы маңызды құралдардың бірі – epetition.kz платформасы.
Саясат • 06 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрлық арқылы байланыстың маңызы арта түседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді. Мұнда Қазақстан басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды. Бұдан соң конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті. Алқалы жиынның ашылу салтанатына дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Содан соң Мемлекет басшысы конференция өтетін «Аваза» спорт кешеніне келді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Үкімет • 06 Тамыз, 2025
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны» (ЭКСЖ) жүзеге асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысын өткізді. Жиында заң шығару жұмыстары, жобаны қаржыландыру, сатып алулар тәртібі, отандық өндірушілерді қолдау және цифрландыру мәселелері бойынша есептер тыңдалды.
Қоғам • 06 Тамыз, 2025
30 маусымда еліміздің заңнамасына қоғамдық орындарда қыз-келіншектердің бет-жүзін толық жабатын киім (никаб, пәренже, т.б.) киюіне тыйым салатын талаптың енгізілуі бүгінде желіде жаппай талқыға түсіп жатыр. Қауіпсіздікті арттыруға бағытталған бұл қадамның мақсатын сан-саққа жүгірткендер де жетіп-артылады.
Экономика • 06 Тамыз, 2025
Күршімге көпір түскелі аудан азаматтарының облыс орталығымен алыс-берісі артып, кәсіптері кеңейе түскен. Одан бөлек, ауызсу, жылу секілді әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыс қарқыны да күшейген. Туризм түрленіп, ірі жобалар жоспарға алына бастапты. Жуырда Күршімге баспасөз туры ұйымдастырылып, бір топ журналист ауданды араладық, көргенімізді көңілге түйдік.
Ғалам ғажаптары • 06 Тамыз, 2025
Әмиянын жоғалтып көрген адам оның қайта оралуын көбіне кездейсоқтық деп ойлайды. Алайда психологтер бұл жерде адамның мейірімі мен эмоциясы үлкен рөл ойнайтынын дәлелдеді.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
Грузияның бас шаһары Тбилисиде семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті. Төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған ең үздік нояндардың бәсекесін еліміздің құрама командасы бір қола медальмен қорытындылады.
Ғалам ғажаптары • 06 Тамыз, 2025
Ғалымдар кейінгі жылдары өсімдіктердің біз ойлағаннан да «сезімтал» екенін дәлелдеп келеді.