е
Оқиға • 31 Шілде, 2025
Жамбыл облысында ресейлік байкерге шабуыл жасаған ер адам сотталды
2024 жылғы сәуірде Жамбыл облысында жанармай бекетінде ресейлік мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Салық реформасы құрылыс нарығын қалай өзгертеді?
Жаңа Салық кодексі қабылданғаннан кейін ірі құрылыс компанияларының бизнесті бірнеше бөлікке бөліп, салық жүктемесін азайту арқылы қосымша табыс табуы тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп комитетіне қарасты мекемеде қызметкерлерге заңсыз еңбекақы төленген
2025 жылы азаматтық белсенді тұрғынның өтінішінен кейін Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да тексеру жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Биыл 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының қолжетімді баспанамен қамту жөнінде берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткіш – 19,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 7,9 млн шаршы метр пайдалануға берілгенін Үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында бірінші вице-премьер Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында он екі ауыл жабылуы мүмкін
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында оқушылар санының аздығына байланысты 12 ауыл мектебін (9 орта, 3 негізгі) оңтайландыру жоспарланып отыр. Мектептердің жабылуы 12 ауылдың келешегіне де қауіп төндіреді. Оның үстіне, осы елдімекендер Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекара шебінен 30–40 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 31 Шілде, 2025
Жас балуан жаһан жеңімпазы атанды
Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Афина (Грекия) қаласында U17 әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 31 Шілде, 2025
Биыл 94 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді газдандыру мен газ саласының әлеуетін арттыру бағытында биыл елімізде 62 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Су жеткізу мәселелері бойынша екі елмен келіссөздер жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша орынбасары Қанат Бозымбаев 28 шілдеде Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz
ЖОЛДАУ • 31 Шілде, 2025
Өнеркәсіп өндірісі жарты жылда 6,5%-ға өсті – Роман Скляр
Үкімет үйінде Мемлекет басшысы жүктеген өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы міндеттердің орындалу барысына арналған Үкіметтің баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр нақты сектордың даму көрсеткіштерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 31 Шілде, 2025
Қазақстан инвесторлар мен өз болашағы үшін жаңа ережелер енгізеді
Орталық Азиядағы негізгі энергия өндірушілердің бірі Қазақстан газ бағасын ұзақ жылдар бойы терең субсидиялау саясатынан бас тартуға бағытталған күрделі, бірақ стратегиялық тұрғыдан қажет реформаларды бастап жатыр. Бұған басты себеп – ондаған жылдар бойы Қазақстан жанармайды ең арзан бағамен ұсынатын әлемдегі үш елдің қатарында болып келгенімен, бұл модельдің ел экономикасына теріс әсері мен жүйелі тәуекелдері шектен шығып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
Жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
2025–2026 оқу жылы қарсаңында елімізде «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға материалдық қолдау көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 31 Шілде, 2025
Жыл басынан бері 111 есірткі жеткізу арнасы жойылған
Биылғы жарты жылда Маңғыстау, Ұлытау облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында есірткі дүкендерін ұйымдастырушылардың қылмысы әшкереленген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанға ризашылығын білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға ресми сапары кезінде қонақжайлық танытқаны үшін Президент Режеп Тайип Ердоғанға шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Биометриялық төлем әдісі пайда болды
Ресейлік «VisionLabs» компаниясы метрода адамның бет-бейнесі арқылы төлем жасайтын жүйе енгізді. Жүйе Мәскеу, Алматы, Ташкент метроларында орнатылған. Қазірге дейін бұл технология метро стансаларвның 75 пайызына енгізілді, алдағы уақытта барлық стансада іске қосылмақ.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Ұлттық құрама тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды
Сардиния аралындағы Бонорва қаласы маңындағы Сант-Андреа-Приу археологиялық кешенінен археологтар Домус-де-Янас деп аталатын үш жаңа жер асты қабірін тапты. Бұл – шамамен б.з.д. V-III мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген неолит дәуіріндегі қауымдардың жартасқа үңгіп жасаған ерекше жерлеу орындары.
Әлем • 30 Шілде, 2025
ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді
OpenAI компаниясы ChatGPT жүйесіне оқыту режімін іске қосты. Бұл мүмкіндік студенттерге дайын жауап берудің орнына, ойлануға, сұрақтың мәнін түсінуге, дұрыс шешім табуға көмектесуді мақсат етеді. Енді ЖИ бірден жауапты айтпайды керісінше, пайдаланушыны бірнеше кезеңмен ойлау, нақтылау сұрақтарын қою және шешімді өз сөзімен түсіндіруге бағыттайды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Шілде, 2025
Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі
Бүгін Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Қазақстан семсершілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап ұлттық семсерлесу құрамаларында шетелдік жаттықтырушылар мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Осы жылдар ішінде қазақстандық семсершілер бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны Қызылордадағы зергерлік дүкеннен алтын ұрлаған
Қызылордада полицияға хабарласқан қала тұрғыны белгісіз адамның сауда үйлеріндегі зергерлік дүкендердің бірінен алтын сақиналар ұрлап кеткенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Шілде, 2025
Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Шілде, 2025
Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар қатары артқан
Биылғы жартыжылдықта Kazneb.kz платформасының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, пайдаланушылар саны 44, 4 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 30 Шілде, 2025
Қазақстанда Түркияның Гази университетінің филиалы ашылады
Бұл келісім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Таиландта фейерверк фабрикасы жарылып, 9 адам қаза тапты
Таиландтың орталығында орналасқан Супханбури провинциясындағы фейерверк шығаратын зауыттағы жарылыстан кемінде тоғыз адам мерт болып, екі адам түрлі жарақат алған. Апат жергілікті уақытпен 11:10-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Сұрықсыз ойыншықтың сыры неде?
Соңғы кездері Labubu есімді шағын ойыншықтар әлем коллекционерлері мен жастар арасында ерекше танымалдыққа ие болды. «Жасырын қорап» форматында сатылатын бұл дизайнерлік ойыншықтар әлеуметтік желілер мен екінші нарықта үлкен сұраныс тудырып, сәнге айналды. Тіпті Қытайда бір жасөспірім қалаған ойыншығына қол жеткізе алмаған соң өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл ойыншық әлемді қандай ерекшелігімен жаулап алды?
Спорт • 30 Шілде, 2025
Елордада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
14-16 тамыз аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан (WT) Kazakhstan Open 2025 атты халықаралық рейтингілік турнир өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 808 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 30 Шілде, 2025
«Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін»
Осындай атаумен ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы құрметті судьясы, заңгер Өмірсерік Қожабаевтың жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кітап Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай облысы, Абай ауданының әкімшілігі мен Абай-Жидебай қорының сұрауы бойынша үш тілде оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 30 Шілде, 2025
Оралда өңірлік инвестициялық форум өтті
Орал қаласында KazService ұйымының бастамасымен «ҚПО: Стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жолында» атты өңірлік инвестициялық форум өтіп жатыр деп хабарлайды Egemen.kz.