Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025

Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.

Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді.

«Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», деді Н.Оспанова.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылы 1 ақпанда күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50