Спорт • Бүгін, 09:15

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін ұтты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде үздік шықты, деп жазады Egemen.kz.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін ұтты

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. 

Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Е.Рыбакина бет қаратпады – 7:6 (7:0).

Бір сағат 48 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 13 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Соболенко 5 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

Осылайша, Е.Рыбакина аталмыш жарыс 1972 жылы ұйымдастырылғаннан бері чемпион атанған алғашқы азиялық теннисші атанды. Бұған дейін қытайлықтар Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024) тек финалға дейін жеткен еді.

Дода барысында барлық кездесуінде жеңіске жеткен Елена 1 500 рейтингілік ұпайға қоса 5,235 млн доллар (2,747 млрд теңге) табыс тапты. Оған қоса дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингісінде 5-орынға көтеріледі.

Сонымен қатар Е.Рыбакина 2016 жылдан бері эйс санын 500-ден асырған бірінші теннисші болды. 2016 жылы мұндай нәтижеге чехиялық Каролина Плишкова қол жеткізген еді. 

Бұдан бөлек, Елена биылғы маусымда ТОП-10-ға кіретін 7 теннисшіні қапы қалдырып, бұл жөнінен үздік шықты. Рыбакина спорттық жолында Уимблдондағы жеңісін қосқанда, WTA додаларында 11 титул жеңіп алды. Мұндай межеге Қазақстаннан ешкім жеткен емес. 

https://kaz.inform.kz/news/ribakina-wta-koritindi-turnirn-utkan-algashki-aziyalik-tennissh-atandi-98f553/

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше