Интервью
Нүкетай Мышбаева: Ұлт театрының рухани байлығы таусылмайды
Театр – өткеннің үнін өшірмей, бүгінге аманат етіп жеткізетін рухани шежіре. Сол шежіренің бір ғасырлық жүгін арқалап келе жатқан киелі орда – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры. Бұл сахнада талай тағдыр тоғысып, сан ұрпақтың рухы тәрбиеленді. Біртуар тұлғалардың қайталанбас ізі қалды. Қасиетті қарашаңырақ рухын өз өмірімен өрнектеген сондай сахна саңлағының бірі – Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева. Биыл кәсіби қазақ театрының құрылғанына 100 жыл толса, «әкемтеатрдың» анасы Нүкетай Мышбаеваның 90 жылдық мерейтойы. Бұл – жай ғана даталардың тоғысуы емес, өнер мен тағдырдың, жеке тұлға мен ұлттық сахнаның тарихи үйлесімі. Өйткені актрисаның өнер жолы – ғасыр жасаған ұлттық сахнаның тарихымен бірге тыныстаған тағдыр, бірін-бірі толықтырған өнер мен тағдырдың мерейлі межесі десек, титтей де артық айтқандығымыз емес. Атаулы мерейтойлар қарсаңында өнерінің өнегесі мен театрдың тағылымды тарихын тереңнен толғаған актриса жансарайын ашып, өткен күндер естелігін бөлісті. ...
...